Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/123-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 шілдеде № 2344 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/315-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.08.2018 № 29/315-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010-нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 19 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбында "ережесін" деген сөз "қағидасын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақта "Ережесі" деген сөз "Қағидасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру ережесінде:

      тақырыбында "Ережесі" деген сөз "Қағидасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармағында "ережесінің жобасы" деген сөздер "қағидасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Д.Ахметов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады