Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 85 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 сәуірде № 2265 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 244 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 16.07.2015 № 244 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Салық Кодексінің 387 бабының 1-тармағына және Кентау қалалық мәслихатының 2003 жылғы 28 қарашадағы № 13 «Кентау қаласы жерін аймақтарға бөлу схемасы бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодекстің 378379381383-баптарында белгiленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихатының сессия төрағасы       Ж.Курманбеков

      Қалалық мәслихат хатшысы                   К.Сырлыбаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады