Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 "Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 134 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 2464 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 74 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 30.03.2017 № 74 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қаулысына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 "Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-130 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Кентау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
      8 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;",
      17 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) қатты отынды тұтынудың нақты шығыны қызмет ұсынушы мекемелердің шотын (түбіртек, жүкталап, счет-фактура) ұсынған жағдайда әлеуметтік шығын нормалары қатты отын (көмір) бір айда бір үйге 1000 килограмм есебінен артық емес мөлшерінде белгіленеді. Жылумен қамту мерзімі–5 ай. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде сол уақытта Кентау қаласындағы статистика басқармасы немесе қызмет көрсететін мекеменің мәліметтері бойынша қатты отынның бағасы белгіленеді;".
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы Д.Хабибова
      Қалалық мәслихат хатшысы К.Сырлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады