Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 820 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 қазанда № 3073 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 338 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 16.03.2015 № 338 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Риддер қалалық мәслихаты депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Риддер қаласы бойынша сайлаушылармен кездесу үшін Риддер қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар 2 қосымшаға сәйкес берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.В. Дюсебаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов
      "Келісілді"
      Шығыс Қазақстан облысының
      Риддер қалалық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы В. Русин
      2013 жылғы 17 қыркүйек

  Әкімдіктің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 820 қаулысына 1 қосымша

Риддер қалалық мәслихаты депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар



Елді мекен атауы

Орналасқан жері

Орналасу үшін нысанның атауы

1
Риддер қаласы
Индустриальная көшесі, 13а
"Глория" дүкені жанындағы стенд
2
Риддер қаласы
Киров көшесі, 26
Автобекет ғимараты жанындағы стенд
3
Риддер қаласы
Тәуелсіздік даңғылы, 24
"Прометей" дүкені жанындағы стенд
4
Риддер қаласы
Қонаев көшесі, 40
"Милый дом" дүкені жанындағы стенд
5
Риддер қаласы
Гоголь көшесі
"Евросеть" сауда павильоны жанындағы аялдамадағы стенд
6
Риддер қаласы
Гоголь көшесі, 6/1
"Молоко" сауда павильоны жанындағы стенд
7
Риддер қаласы
4-ықшам ауданы, 2
"Гастроном" дүкені жанындағы стенд
8
Риддер қаласы
Рощина көшесі, 20
"Восток" дүкені жанындағы стенд
9
Риддер қаласы
Островский көшесі, 73б
"Услада" дүкені жанындағы стенд
10
Риддер қаласы
2-аудан, Шоссейная көшесі
"№ 36" дүкені жанындағы стенд
11
Риддер қаласы
Дрейман көшесі
Қалалық базар жанындағы стенд
12
Риддер қаласы
Совхозный ықшам ауданы, 8
"Любава" дүкені жанындағы стенд

  Әкімдіктің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 820 қаулысына 2 қосымша

Риддер қаласы бойынша сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлардың мекен-жайлары



 
1
Индустриальная көшесі, 15, "№ 9 Толымсыз орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекеме
2
Курека көшесі, 25, "№ 12 Орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекеме
3
Семипалатинская көшесі, 58а, "№ 7 Орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекеме
4
Киров көшесі, 104, "Лицей" Коммуналдық мемлекеттік мекеме
5
Клинка көшесі, 11, "№ 5 Орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекеме
6
Қонаев көшесі, 40, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Риддер қалалық Қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы
7
Қонаев көшесі, 27, "Экономикалық мектеп-лицейі" Коммуналдық мемлекеттік мекеме
8
3-ықшам ауданы, 23, "№ 14 Орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекеме
9
4-ықшам ауданы, 28, "№ 3 Орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекеме
10
Островский көшесі, 65, "Шығыс Қазақстан облысы Білім департаментінің Риддерлік аграрлық-техникалық колледж" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
11
Буровая көшесі, 3, "№ 17 Орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекеме
12
Л. Толстой көшесі, 24а, "№ 16 Орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекеме

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады