Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 қарашада № 3084 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 7/2-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.09.2023 № 7/2-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 14.10.2015 № 38/7-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің Үлгілік қағидаларына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Бастамасы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 14.10.2015 № 38/7-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталудың қоса беріліп отырған нормалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Климов
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

  Риддер қалалық мәслихатының
2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V
шешімімен бекітілген

Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

      Ескерту. Қосымшасының атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 14.10.2015 № 38/7-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. Нормаларға өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 29.12.2014 № 30/20-V; 14.10.2015 № 38/7-V шешімдерімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі).

    №

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1 есептеу бірлігіне жылдық жиналу нормасы, м3

1

Үйлер: жайлы жайлы емес

1 тұрғын
1 тұрғын

1,96
2,53

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,3

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,924

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

--

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,48

6

Емханалар

1 адам

--

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

--

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

--

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отырғызу орны

1,996

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отырғызу орны

0,171

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,10

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,1

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,11

14

Азық-түлік дүкендері

сауда алаңы 1 м2

1,03

15

Машиналардан сату

сауда орны 1 м2

2,8

16

Өнеркәсіптік тауарлар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,38

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,44

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,7

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,48

20

Тұрмыстық үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

--

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,92

22

Жағажайлар

жалпы алаңы 1 м2

2,1

23

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,47

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

0,035

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,2

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,2

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,58

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,62

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

1,1

30

Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

2,45

31

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

1,01

32

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,8

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

2,53

      Ескертпе: бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар үшiн коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормалары "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электрэнергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Үкiметтiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысымен бекiтiлген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады