Катонқарағай ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі № 23 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 тамызда № 3036 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 112 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 25.03.2016 № 112 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-3) тармақшасына және 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтiк қорғау мақсатында және оларды жұмыспен қамту үшiн, Катонқарағай аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Рақышеваға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi Д. Тлеубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады