Байланыс формасы

"Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 49 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінде 2013 жылғы 18 сәуірде № 3258 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № 102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 03.06.2013 № 102 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. М. Зұлқашевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Н. Сабиров

2013 жылғы 6 наурыздағы № 49
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Аудандық маңызы бар жалпы
пайдаланымдағы, сондай-ақ
елді-мекендердегі автомобиль
жолдарының жолақ бөлігінде
сыртқы (көрнекі) жарнама
орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. "Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Бөкей ордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) және баламалы негізде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің "Халыққа қызмет көрсету" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" филиалының Бөкей ордасы аудандық бөлімі (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына, "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" № 845 қаулысы және "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысымен бекітілген "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат уәкілетті органдардың интернет-ресурсында, Орталықтың интернет-ресурсында www.con.gov.kz, мемлекеттік қызметті алушы үшін уәкілетті органның ғимараттарының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде, орталықтың ғимараттарында орнатылған стенділерде.
      Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 090200, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т. Жароков көшесі, 5, телефоны: 8(71140)21735.
      Орталықтың мекен-жайы: Индекс 090200, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Ы. Бергалиев көшесі, 1, телефоны: 8(71140)21847.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру немесе қағаз тасығышта аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт (бұдан әрі - паспорт) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:
      уәкілетті органға жүгінген кезде:
      1) өтініш берілген сәттен бастап – бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат немесе паспорт беріледі немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;
      2) Cтандарттың 11 тармағында көрсетілген, өтінішті тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) паспортты алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      1) Орталыққа жүгінген кезде:
      паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттар уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізілетін 2 күн және Орталыққа орындалған құжаттар жеткізілетін 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) Стандарттың 11 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) паспортты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Орталықтың жұмыс кестесі: жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
      Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкілетті органның ғимараттарында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту залында мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі іс-әрекетінің (өзара
іс-қимылының) тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде уәкілетті орган немесе Орталық мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамның немесе Орталық қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру уәкілетті органда және Орталықта қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, өзі келген кезде және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
      15. Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттардың автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес болмауы мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде бас тартудың негіздемесі болып табылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi - ҚФБ) қатыстырылған:
      1) орталық инспекторы;
      2) уәкілетті органның қызметкері;
      3) уәкілетті органның басшысы.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттердi (ресiмдердi) орындау мерзiмi көрсетіліп, әрбiр ҚФБ бойынша әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (ресiмдердiң) кезектiлiгi мен өзара iс-әрекеттердiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1 қосымшасында көрсетiлген.
      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң логикалық кезектiлiгi және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететiн схема осы Регламенттiң 2 қосымшасында көрсетiлген.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілік жүктеледі.

"Аудандық маңызы бар жалпы
пайдаланымдағы, сондай-ақ
елді-мекендердегі автомобиль
жолдарының жолақ бөлігінде
сыртқы (көрнекі) жарнама
орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттердi
(ресiмдердi) орындау мерзiмi көрсетіліп,
әрбiр ҚФБ бойынша әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң
(ресiмдердiң) кезектiлiгi мен өзара
iс-әрекеттердiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы

№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1
Орталық инспекторы

ҚФБ-2
Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ-3
Уәкілетті органның басшысы

№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды қабылдау, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру

№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды қабылдау, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру

№ 1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және уәкілетті органның қызметкеріне жіберу

№ 2 іс-әрекет

Құжаттарды уәкілетті органға жіберу

№ 2 іс-әрекет

Рұқсат немесе паспорт қағаз тасығышта немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты уәкілетті органның басшысына қол қоюға дайындау және жіберу

№ 3 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет алушыға уәкілетті органнан алынған рұқсат немесе паспорт қағаз тасығышта немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

№ 3 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет алушыға рұқсат немесе паспорт қағаз тасығышта немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

Орындау мерзімі:
уәкілетті органға жүгінген кезде:
1) өтініш берілген сәттен бастап – бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат немесе паспорт беріледі немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;
Орталыққа жүгінген кезде:
1) паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттар уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізілетін 2 күн және Орталыққа орындалған құжаттар жеткізілетін 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).

"Аудандық маңызы бар жалпы
пайдаланымдағы, сондай-ақ
елді-мекендердегі автомобиль
жолдарының жолақ бөлігінде
сыртқы (көрнекі) жарнама
орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттiк қызметтi көрсету
үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң
логикалық кезектiлiгi және ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететiн схема

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады