Жәнібек ауданының аумағында № 144, 147 және 148 сайлау учаскелерiн құру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 наурызда № 3213 болып тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 9 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 26.03.2014 № 9 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33-бабына сәйкес, Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келiсiмi бойынша ШЕШIМ ЕТЕМIН:

      1. Жәнібек ауданының аумағында № 144, 147 және 148 сайлау учаскелерi қосымшаға сәйкес құрылсын.

      2. Сайлау учаскелерiнiң шекаралары туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Абдоловқа жүктелсiн.

      4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Б. Есенғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық (аумақтық) сайлау
коммисиясының төрағасы
_____________ Р. Қарашин
01.03.2013 ж.

  Аудан әкiмiнiң
2013 жылғы 1 наурыздағы
№ 2 шешiмiне қосымша

Жәнібек ауданының аумағында № 144, 147
және 148 сайлау учаскелерi

      № 144 Мектеп сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, № 1 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты, Б. Жәникешев көшесі 72, байланыс телефоны 21376.

      Шекарасы: Жәнібек ауылының А. Байтұрсынов көшесі № 67-131 үйлер; Ш. Мажитов көшесі № 108-176 үйлер, № 89-175 үйлер; Т. Абдрахманов көшесі № 104-170 үйлер, № 97-181 үйлер; Б. Жәникешев көшесі № 74-152 үйлер, № 97-191 үйлер; М. Ықсанов көшесі № 90-156 үйлер, № 87-117 үйлер, Қ. Мусин көшесі № 7-27 үйлер, № 4-24 үйлер; М. Мәметова көшесі № 2-14 үйлер, Ғ. Қараш көшесі № 24-28 үйлер.

      № 147 Ұзынкөл сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ұзынкөл ауылы, ауылдық мәдениет үй ғимараты, телефон: 26199.

      Шекарасы: Ұзынкөл ауылы, Мұратсай, Абдолла, Мыңжас, Кондевин, Апақаш, Сабила, Азамат, Орлы, Нұрберген, Алихан қыстақтары, Ақоба ауылының Т. Абдрахманов, А. Иманов, Қ. Мусин, М. Әуезов, Абай, Т. Жароков көшелері.

      № 148 Еңбекші сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Еңбекші елді мекені, бастауыш мектеп ғимараты, байланыс телефоны: 26074.

      Шекарасы: Еңбекші елді мекені, Инженер, Арашайым, Баймұрат, Бруцеллез, Құбаш, Алтыкашар, Тәни, Аманқос, Бірінші қыстақтары. Ақоба ауылдық округінің Терек, Ақкөл, Передаточный, Ордженикидзе, Пайыл, Сарай, Кузнец, Молотов - 1, Молотов - 2, Сүлеймен қыстақтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады