Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 287 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 желтоқсанда № 3379 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 15.07.2016 № 262 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ә. Жоламановқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Шыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады