"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 қазанда № 9843 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулыларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
      4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенен кейін 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелуі туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жіберілгені туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 97 бұйрығымен    
бекітілген      

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) елдің өнеркәсіп салаларын индустриялық дамыту, экспорттық бақылау саласындағы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жергілікті қамтуды дамыту саласындағы іске асыру, реттеу,бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттігі болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      6. Комитеттің құрылымы мен штаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      7. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
      8. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» руспубликалық мемлекеттiк мекемесi.
      9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      11. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.

2. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      12. Комитеттің міндеттері:
      1) индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту саласында: тау-кен металлургия кешені, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, экспорттық бақылау және жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау,энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жергілікті қамтуды дамыту саласында(бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және оны іске асыруға қатысу;
      2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу;
      3) жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік балықау мен қадағалауды қамтамасыз ету.
      13. Комитеттің функциялары:
      1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
      2) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      3) реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
      4) реттелетін салаларда техникалық регламенттер әзірлейді және (немесе) олармен келіседі;
      5) реттелетін салаларда ақпараттық-талдамалық жұмысты жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
      7) министрліктің нормативтік құқықтық актілерінде нормативтік құқықтық бұйрықтарды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған жағдайда, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын көтеретін нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық бұйрықтарды бекітеді;
      8) Қазақстан Республикасы аумағында химиялық өнімді тіркейді және оны есепке алуды жүргізеді;
      9) химиялық өнімнің жекелеген түрлерін есепке алу тәртібін бекітеді;
      10) тауар шығарылған елді айқындау және тауардың шығу тегі туралы сертификат беру жөніндегі қағидаларды әзірлеуге қатысады;
      11) Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалармен Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың тәртібін, шарттарын және үлгілік нысанын әзірлейді;
      12) аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
      13) Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалармен бекітілген нысан бойынша Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасуға дайындық жүргізеді;
      14) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, төсбелгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін әзірлейді;
      15) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын әзірлейді;
      16) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыру және білімдерін тексеру тәртібін әзірлейді;
      17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті өндірістік объектілердің лаңкестікке қарсы қорғалуы жай-күйіне мониторинг ұйымдастыруға қатысады;
      18) ведомстволық бағынысты әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару және бұрқаққа қарсы қызметтер мен құрылымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      19) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде аварияларды тергеуді ұйымдастырады және жүргізеді;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жағдайларда iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттарды келiсуді жүзеге асырады;
      21) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз етеді;
      22) жергілікті қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      23) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін сатып алуда жергілікті қамту мониторингін, сондай-ақ тиісті ұйымдар ұсынатын өткізілген, өткізіліп жатқан және келесі жылы өткізу жоспарланып отырған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
      24) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуында жергілікті қамту мониторингін жүзеге асырады;
      25) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізілімін қалыптастыруды және оны жүргізуді, сондай-ақ аталған тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
      26) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы кезінде жергілікті қамту үлесін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шараларын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады;
      27) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді;
      28) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамту ұйымдарымен есептесудің бірыңғай әдістемесін әзірлейді;
      29) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидасын әзірлейді;
      30) электрондық сатып алу жүйелері жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен қадамдастыру тәртібін әзірлейді;
      31) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртібін әзірлейді;
      32) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін әзірлейді;
      33) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін әзірлейді;
      34) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібін әзірлейді;
      35) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидасын әзірлейді;
      36) кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін қарайды;
      37) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосу үшін кадрлардағы ең аз жергілікті қамтуды беру тәртібін қарайды;
      38) жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, сервистік қолдау шараларын ұсынуға және ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге қатысады;
      39) жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарын өтеуге қаражат бөлу туралы ұсыныстар енгізеді;
      40) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
      41) офсеттік саясаттың іске асырылуына әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
      42) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасын әзірлейді;
      43) отандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ережелері мен құрамын әзірлейді;
      44) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ технологиялық әзірлемелерді жүргізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
      45) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жүргізеді және аккредиттеу туралы куәлік нысанын әзірлейді;
      46) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құруды, енгізуді және ұйымдастыруды жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталықтарын құруды және олардың жұмысын ұйымдастырады;
      47) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында үлгілік келісім әзірлейді;
      48) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға қатысады;
      49) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құруды, енгізуді және ұйымдастыруды жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталықтарының тізбесін қалыптастыруға қатысады;
      50) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің өнім бірлігіне, ғимараттар мен құрылыстар алаңына шаққанда,энергетикалық ресурстарды, суды тұтыну көлемін энергия аудиті қорытындылары бойынша анықталған шамаларға дейін жыл сайынғы төмендетуді жүзеге асырмаған субъектілерінің, сондай-ақ энергия тұтыну нормативтерін сақтамаған мемлекеттік мекемелер кіретін тізбесін қалыптастырады және оны Комитеттің интернет-ресурсында орналастырады;
      51) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы мониторингін жүзеге асырады, белгіленген нысанда ұсынылатын есептерге уақытылы талдау жүргізеді;
      52) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру, оның құрамын және қызмет тәртібін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді;
      53) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын Министрлік басшылығына бекітуге ұсынады;
      54) кепілдік міндеттемелер (түпкілікті тұтынушының сетификаттарын) береді;
      55) реттелетін салалардағы жекелеген қызмет түрлерін, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
      56) өнімнің транзитіне рұқсат береді;
      57) өтінім берушіге және мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытындылар береді;
      58) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат береді;
      59) сыртқы экономикалық қызмет қатысушысына (өтінім берушілерге) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген тізбелердің ықпалына кірмейтін өнімдермен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен лицензия береді;
      60) біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      61) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізеді;
      62) қауіпті өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғыларда қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғылар мен материалдарды қолдануға рұқсат береді;
      63) жарылғыш заттарды және олардан жасалатын бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат береді;
      64) жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
      65) қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келіседі;
      66) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеуді жүргізеді;
      67) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды тергеуді ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
      68) қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылын және аварияға қарсы жаттығу жүргізуге қатысады;
      69) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады;
      70) авариялық-құтқару қызметтері мен қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін құрылымдардың құтқарушыларын даярлау бағдарламасын әзірлейді;
      71) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалардың тұрақты қолданыстағы емтихан комиссиялары мүшелерінің білімдеріне тексеру (емтихан) жүргізеді;
      72) өндірістік жағдайларда жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың тәжірибелік партиясын бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;
      73) қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;
      74) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы заңды және жеке тұлғалардың, ұйымдардың «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы
11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын сақтауына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
      75) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге дайындығын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
      76) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстары мен техникалық құрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырудың уақытылы жүргізілуін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
      77) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылайды;
      78) қызметі үшінші бір тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын және олардың «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      79) магистральдық құбыр жолын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
      80) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      81) қажет болған жағдайда, экспорттық бақылауға жататын өнімдерді тиеп жіберу алдындағы сатыда және түпкілікті пайдалануда Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, тексерулерді жүзеге асырады;
      82) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуында жергілікті қамтуды бақылауды қамтамасыз етеді және бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды;
      83) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      84) «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында және химия өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
      85) өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) ұсынған ақпарат негізінде адамның денсаулығы және өмірі, қоршаған орта үшін химиялық өнімнің қаупіне бағалау жүргізеді;
      86) адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрып немесе тыйым салып, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз тастайды;
      87) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептілік, тексеру парақтары нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді;
      88) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептілік, тексеру парақтарынысаны, тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдері, жыл сайынғы тексеру жоспарлары бойынша ұсыныстар енгізеді;
      89) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама нысанын әзірлейді;
      90) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және азаматтарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында айқындалған бұзушылықтар бойынша нұсқамалар береді;
      91) «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімнің өмірлік циклінің бір немесе бірнеше процестерін тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;
      92) белгіленген құзыреті шегінде өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін бақылауды жүзеге асырады;
      92) реттелетін салалардағы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді жүргізуді жүзеге асырады;
      94) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      14. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
      1) басқа да мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жүзеге асыру;
      2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдайды;
      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойыншатүсіндірмелер, ұсынымдар береді және шешімдер қабылдайды;
      4) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылға арналған заң жобасы жұмыстары жоспарын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді;
      5) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу;
      7) Комитет жанынан жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультациялық-кеңестік органдар (жұмыс топтары, комиссяилар, кеңестер) құрады;
      8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар ресми түрде қажетті материалдар мен анықтамалар сұратқан жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде оларды ұсынады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасын, заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
      10) Комитеттің аумақтық органдарына, ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарына қатысты әкімшілік-өкімдік және бақылау функцияларын атқарады;
      11) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның ішінде халықаралық конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық акілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Комитет қызметін ұйымдастыру

      15. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие болады.
      16. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төраға – Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша бас мемлекеттік инспектор (бұдан әрі – Төраға) басқарады.
      17. Комитет Төрағасы Комитет қызметіне басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
      18. Осы мақсатта Комитет Төрағасы:
      1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды және бекітеді;
      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Комитет жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Комитет жұмыскерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ олардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттен өкілдік етеді;
      6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
      7) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар белгілейді;
      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары не сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын іс-қимылдар анықталған жағдайда, бұл туралы Министрлік басшылығын ақпараттандырады;
      9) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
      10) Комитеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
      11) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және мемлекетік сатып алу саласындағы қызметтің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;
      12) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
      13) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
      14) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Комитет төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      19. Комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Комитет төрағасының орынбасарлары:
      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитет қызметін үйлестіреді;
      2) Комитет төрағасы болмаған кезеңде, Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
      3) Комитет төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жолданатын құжаттарға Комитет төрағасы, ал болмаған жағдайда, оны алмастырушы тұлға қол қояды.

4. Комитеттің мүлкі

      22. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
      Комитет мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
      23. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      24. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада басқалай белгіленбесе, өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілдермен оған билік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады