Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9930 тіркелді.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.02.2016 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. "Спорт түрлерінен жарыстардың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8286 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 тамыздағы № 194 (28133) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 4 қарашадағы
№ 74 бұйрығымен
бекітілген

Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) спорттық іс-шараларды өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) дене шынықтыру-спорт ұйымы – негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) Қазақстан Республикасының чемпионаты – бұл облыстардың жартысынан астам, республикалық маңызы бар қалалар және астана спортшыларының (командаларының) қатысуымен өткізілетін республикалық спорттық жарыс;

      3) кешенді спорттық жарыстар – спортшылар арасында орындарды бөлетін және командалар арасында жалпы командалық есепті шығаратын спортшылар немесе командалар арасындағы бірнеше спорт түрінен сайыстар;

      4) облыстық, қалалық, аудандық жарыстар – дене шынықтыру және спорт жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органдардың спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген жарыстар;

      5) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;

      6) ресми халықаралық спорттық жарыстар – спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың бұқаралық-спорттық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген халықаралық спорттық жарыстар;

      7) республикалық спорттық жарыстар – уәкілетті органның спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген спорттық жарыстар;

      8) спорттық жарыс – ұйымдастырушысы бекіткен ереже (регламент) бойынша өткізілетін сайыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрі (түрлері) бойынша спортшылар немесе командалар арасындағы сайыс;

      9) спорттық пән – ерекше белгілері бар және спорттық жарыстардың бір немесе бірнеше түрлерін (бағдарламаларын) қамтитын спорт түрінің бөлігі;

      10) спорттық іс-шара – спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны;

      11) спорттық іс-шараны ұйымдастырушы – осы қағидамен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкес спорттық іс-шараны ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      12) халықаралық спорттық жарыстар – шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Спорттық жарыстар келесідей бөлінеді:

      жеке – қорытындылары бойынша жекелеген спортшылардың (жынысына, жасына, спорттық біліктілігіне қарай) иеленген орындары анықталады;

      жеке-командалық – қорытындылары бойынша спортшының жеке нәтижесінен басқа, командалардың иеленген орындары анықталады;

      командалық – қорытындылары бойынша тек қатысушы командалардың иеленген орындары анықталады;

      іріктеу, біліктілік (лицензиялық) – қорытындылары бойынша спорт түрлері бойынша құрама командалар қалыптастырылады және спортшылар мен командаларды спорттық жарыстардың келесі кезеңіне жіберу жүргізіледі.

      4. Спорттық жарыстарға қатысушыларға мыналар жатады:

      спортшылар;

      жаттықтырушылар;

      төрешілер;

      жануарлар;

      командалардың немесе спортшылар тобының басшылары және өкілдері;

      дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың басшылары;

      спорттық жарыстар ережесінде (регламентінде) көзделген жағдайда спорттық жарысқа қызмет көрсету үшін қажетті басқа мамандар.

      5. Халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілердің және басқа мамандардың сандық құрамын спорттық жарыстар ережесінің (регламентінің) негізінде уәкілетті орган бекітеді.

      6. Спортшыларға практикалық көмек көрсету және олардың біліктілік деңгейі мен спортшылардың шеберлігін бұдан әрі дамыту перспективалары туралы қажетті ақпарат алу үшін делегация құрамына спорттық медицина саласындағы мамандар енгізіледі.

      Халықаралық Олимпиада Комитетінің (бұдан әрі – ХОК) талаптары бойынша ХОК өткізетін немесе соның қолдауымен өтетін спорттық жарыстардың делегация құрамына Ұлттық Олимпиада Комитетінің өкілдері, соның ішінде халықаралық дәрежедегі төрешілер де енгізіледі.

      7. Спорттық жарыстар ережесі (регламенті) мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) спорттық жарыстардың атауы;

      2) мақсаттары мен міндеттері;

      3) спорттық жарыстың өткізілу орны мен уақыты;

      4) спорттық жарысты өткізу жүйесі;

      5) қатысушы ұйымдар;

      6) спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілердің және басқа да қатысушылардың сандық құрамы;

      7) спортшылардың жынысы мен туған жылы;

      8) нәтижелерді бағалау жүйесі;

      9) медициналық-санитарлық қамтамасыз ету;

      10) допингке қарсы қамтамасыз ету;

      11) төрешілер алқасының сандық құрамы;

      12) спорттық жарысқа қатысу үшін өтінімдер берудің тәртібі мен мерзімі;

      13) қатысушылар мен төрешілерді қабылдау шарттары;

      14) спорттық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерді марапаттау тәртібі;

      15) наразылық көрсету тәртібі және оны қарау;

      16) спорттық жарыстарға қатысушылар мен төрешілердің келу және қайту күндері.

      8. Спорттық жарыстың ережесіне (регламентіне) спорттық жарыс басталғанға дейін кемінде 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын өзгерістер немемсе толықтырулар енгізуге болады.

2-тарау. Спорттық жарыстарды өткізу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Халықаралық және республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) таныған спорт түрлері бойынша өткізіледі.

      10. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық жарыстар халықаралық спорт ұйымдарының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі.

      Халықаралық спорттық жарыстар спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтiзбелiк жоспарына (бұдан әрі – күнтізбелік жоспар) енгізіледі.

      11. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге өтінімдерді республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары халықаралық спорт федерацияларына уәкілетті органның келісімі бойынша оларды өткізудің болжамды күніне дейін кемінде 18 (он сегіз) ай бұрын береді.

      12. Қазақстан Республикасының аумағындағы кешенді халықаралық спорттық жарыстар халықаралық спорттық ұйымдардың және уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі.

      Кешенді халықаралық спорттық жарыстар күнтiзбелiк жоспарға енгізіледі.

      13. Республикалық спорттық жарыстар күнтізбелік жоспарға сәйкес спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялармен келісу бойынша дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі.

      14. Кешенді республикалық спорттық жарыстар күнтiзбелiк жоспарға сәйкес уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі.

      15. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерациялармен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) шешімі бойынша өткізіледі.

      16. Қазақстан Республикасының чемпионатына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын спортшылар (командалар) қатысады.

      17. Халықаралық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аккредиттелген республикалық спорт федерациялары әзірлейтін және бекітетін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.

      Республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары Халықаралық спорттық жарыстар ережесін (регламентін) уәкілетті органға жарыстың өткізілу күніне дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын жібереді.

      18. Республикалық спорттық жарыстар аккредиттелген республикалық федерациялармен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.

      Республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары Республикалық спорттық жарыстар ережесін (регламентін) уәкілетті органға жарыстың өткізілу күніне дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын жібереді.

      19. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары және жергілікті атқарушы орган бірлесіп бекітеді.

      Жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары Спорттық жарыстар ережесін (регламентін) дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдарға жарыстың өткізілу күніне дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын жібереді.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы немесе жүлдесі үшін жарыстарды өткізу

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне немесе Кубогына жарыстар өткізуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.

      21. Спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша спорттық жарыстардың басталуына дейін кемінде 3 (үш) ай бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) спорт түрінің Қазақстан Республикасында және халықаралық аренада дамуының жай-күйі, спорттық жарысқа қатысатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың), спортшылардың саны, спорттық жарысқа қатысушылардың жалпы саны және қатысушы елдер саны (халықаралық спорттық жарыстар үшін) туралы ақпарат;

      2) спорттық жарыс ережесінің (регламентінің) жобасы;

      3) жергілікті атқарушы органның қолдау хаты.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Уәкілетті орган спорт түрі бойынша аккредиттелген спорт федерациясының Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы немесе жүлдесі үшін спорттық іс-шараны өткізуге өтінімін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігіне спорттық іс-шараны өткізудің орындылығы туралы өз қорытындысын қоса бере отырып, спорттық жарысты өткізу туралы шешім қабылдау үшін жолдайды.

4-тарау. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізуді уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша аккредиттелген республикалық спорт федерациялары жүзеге асырады.

      24. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне республикалық спорттық жарыстар белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің қайтыс болған күнінен бастап 5 (бес) жыл өткен соң мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі.

      25. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар белгілі спортшыларың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі.

      26. Құрметіне немесе жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізілетін белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт немесе қоғам қайраткерлері, оның дене шынықтыру және спорт саласына қосқан ауқымды үлесін ескере отырып айқындалады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізу мақсатында аккредиттелген спорт федерациялары уәкілетті органға республикалық спорттық жарыс басталғанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өмірбаян (белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт және қоғам қайраткерлері үшін);

      2) спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпарат;

      3) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің немесе оның мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша келісімі;

      4) аккредиттелген спорт федерациясының белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесін растайтын хаты;

      5) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін спорттық жарыстардың ережесі (регламенті).

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар өткізу

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Құрметіне немесе жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар өткізілетін белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт немесе қоғам қайраткерлері оның дене шынықтыру және спорт саласына қосқан ауқымды үлесін ескере отырып айқындалады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің қайтыс болған күнінен бастап 5 жыл өткен соң мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі.

      30. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар белгілі спортшыларың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі.

      31. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар өткізу мақсатында аккредиттелген спорт федерациялары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына облыстық спорттық жарыс басталғанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өмірбаян (белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт және қоғам қайраткерлері үшін);

      2) спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпаратты қамтитын аккредиттелген спорт федерациясының хаты;

      3) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің немесе оның мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша келісімі;

      4) аккредиттелген спорт федерациясының белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесін растайтын хаты;

      5) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін спорттық жарыстардың ережесі (регламенті).

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Оқу-жаттығу жиындарын өткізу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Оқу-жаттығу жиындары күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі.

      33. Күнтізбелік жоспардың негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық іс-шаралардың ағымдағы жылға арналған қаржылық күнтізбесін әзірлейді.

      34. Негізгі бағыты спортшыларды жалпы дене шынықтыру, тактикалық және спорттық-техникалық даярлау болып табылатын оқу-жаттығу жиындары спорттық жарыстарға тікелей даярлау жөніндегі жиындардың санатына жатады.

      35. Жалпы дене дайындығы бойынша, қалпына келтіру, спортшыларға тексеру (кешенді тереңдетілген медициналық) жүргізу жөніндегі оқу-жаттығу жиындары арнаулы оқу-жаттығу жиындарына жатады.

      36. Оқу-жаттығу жиындарын өткізетін дене шынықтыру-спорт ұйымдары:

      теориялық және практикалық сабақтардың, тәрбие жұмыстарының, спортшыларды даярлаудың дербес жоспарларын, кешенді ғылыми топ жұмысының, медициналық қамтамасыз етудің және қауіпсіздікті сақтау шараларының жоспарын бекітеді;

      оқу-жаттығу процесін өткізудің сапасын, спортшының техникалық және тактикалық шеберлігін жетілдіруді, тәрбие жұмысын ұйымдастыруды, тәртіпті сақтауды, мүліктің сақталуын қадағалайды;

      білікті жаттықтырушыларды, дәрігерлерді, массажшыларды, сондай-ақ басқа да қажетті қызмет көрсетуші персоналдарды анықтайды;

      тамақпен, іссапар шығыстарымен, медико-биологиялық және қалпына келтіру құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз етеді;

      оқу-жаттығу жиындарын тиісті ғимараттарда өткізуді қамтамасыз етеді;

      қажетті мүкәммалдармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді;

      спортшылардың және оқу-жаттығу жиындарына басқа қатысушылардың дербес тізімдерін бекітеді;

      санитарлық-гигиеналық, өрт қауіпсіздігі, техникалық пайдаланудың ережелері мен нормаларының сақталуын және оқу-жаттығу жиынындағы спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) ресми халықаралық спорттық жарыстарға даярлау кезінде спортшының өмірі мен денсаулығын сақтандыруды жүзеге асырады.

      37. Спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізуші дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесіне және күнтізбелік жоспарға сәйкес әрбір спорттық іс-шараны жеке өткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сметаны бекітеді.

  Спорттық іс-шараларды
өткізу қағидаларына
қосымша

      Нысан

      Спорттық іс-шаралардың бір жылға арналған қаржылық күнтізбесі

№ р/с

Іс-шараның атауы

Өткізілу орны мен мерзімі

Қатысушылардың саны

Төрешілер шығыстарының төлемі

Жалақыға аудару

Тамақтану

Спортшылар

Жаттықтырушылар, басқа қатысушылар

1

2

3

4

5

6

7

8

Жалғасы

Дәрі-дәрмек, фармакологиялық құралдар

Спорттық іс-шараларға қатысушыларға жүлделер, медальдар, грамоталар және дипломдар, кеңсе тауарлары

Ел ішіндегі жолақы, тәулікақы, тұру шығыстары

Елден тыс жердегі жолақы, тәулікақы,визалар, жүкақы, кедендік және басқа шығыстар (Қазақстан Республикасынан тыс)

Спорт ғимараттарын және мүкәммаларды жалға алу

Байланыс қызметі

Автокөлікті жалға алу

9

10

11

12

13

14

15

Жалғасы

Баспаханалық және өзге де шығыстар (сақтандыру және т.б.)

Өкілдік шығыстар (уәкілетті органның шешімі бойынша)

Барлық шығыстар теңгемен

16

17

18


Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 декабря 2014 года № 9930.

      В соответствии с подпунктом 27) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года "О физической культуре и спорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 12.02.2016 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения спортивных мероприятий.

      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта (Канагатов Е.Б.) в установленном законодательством порядке:

      1) представить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет".

      3. Признать утратившим силу приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 25 декабря 2012 года № 446 "Об утверждении Правил соревнований по видам спорта" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8286, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 21 августа 2013 года № 256 (27530).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице -министра культуры и спорта Есентаева Т.К.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Мухамедиулы


  Утверждены приказом
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
от 4 ноября 2014 года № 74

Правила проведения спортивных мероприятий
Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила проведения спортивных мероприятий (далее – Правила) определяют порядок проведения спортивных мероприятий.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) физкультурно-спортивная организация – юридическое лицо, осуществляющее деятельность в области физической культуры и спорта в качестве основного вида деятельности;

      2) чемпионат Республики Казахстан – это республиканское спортивное соревнование, проводящееся при участии в нем спортсменов (команд) более половины областей, городов республиканского значения, столицы;

      3) комплексные спортивные соревнования – состязания по нескольким видам спорта среди спортсменов или команд, с распределением мест среди спортсменов и подведение общекомандного зачета среди команд;

      4) областные, городские, районные соревнования – соревнования, включенные в календарь спортивно-массовых мероприятий соответствующих местных исполнительных органов по физической культуре и спорту;

      5) учебно-тренировочный сбор – централизованное мероприятие, организованное в целях повышения спортивного мастерства и качества учебно-тренировочного процесса спортсменов;

      6) официальные международные спортивные соревнования – международные спортивные соревнования, включенные в календарь спортивно-массовых мероприятий международных федераций по видам спорта;

      7) республиканские спортивные соревнования – соревнования, включенные в календарь спортивно-массовых мероприятий уполномоченного органа;

      8) спортивное соревнование – состязание среди спортсменов или команд по виду (видам) спорта в целях выявления лучшего участника состязания, проводимое по утвержденному его организатором положению (регламенту);

      9) спортивная дисциплина – часть вида спорта, имеющая отличительные признаки и включающая в себя один или несколько видов (программ) спортивных соревнований;

      10) спортивное мероприятие – спортивное соревнование, учебно-тренировочный сбор с участием спортсменов, тренеров и специалистов в области физической культуры и спорта;

      11) организатор спортивного мероприятия – юридическое лицо, осуществляющее организацию и проведение спортивного мероприятия в соответствии и требованиями, установленными настоящими правилами и иными нормативными правовыми актами;

      12) международные спортивные соревнования – состязания по виду спорта среди спортсменов (команд), в которых принимают участие иностранные спортсмены (команды).

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Спортивные соревнования делятся на:

      личные - по итогам, которых определяются места, занятые отдельными спортсменами (по полу, возрасту, спортивной квалификации);

      лично-командные - по итогам, которых, помимо личного результата спортсмена, определяются места, занятые командами;

      командные - по итогам, которых определяются только места, занятые командами;

      отборочные, квалификационные (лицензионные) - по итогам, которых формируются сборные команды по видам спорта, и производится допуск спортсменов и команд к следующему этапу спортивных соревнований.

      4. К участникам спортивных соревнований относятся:

      спортсмены;

      тренеры;

      судьи;

      животные;

      руководители и представители команд или групп спортсменов;

      руководители физкультурно-спортивных организаций;

      в случаях, предусмотренных в положении (регламенте) спортивного соревнования другие специалисты, необходимые для обслуживания спортивного соревнования.

      5. Численный состав спортсменов, тренеров, судей и других специалистов участвующих в международных соревнованиях, утверждается уполномоченным органом на основании положения (регламента) спортивного соревнования.

      6. Для оказания практической помощи спортсменам и получения необходимой информации об уровне их квалификации и перспективах дальнейшего развития мастерства спортсменов, в состав делегаций включаются специалисты в области спортивной медицины.

      По требованию Международного Олимпийского Комитета (далее – МОК) в состав делегации на спортивные соревнования, проводимые МОК или под его патронажем включаются представители Национального Олимпийского Комитета, в том числе и спортивные судьи международной категории.

      7. Положение (регламент) спортивных соревнований содержат следующие разделы:

      1) наименование спортивного соревнования;

      2) цели и задачи;

      3) место и время проведения спортивного соревнования;

      4) система проведения спортивного соревнования;

      5) участвующие организации;

      6) численный состав спортсменов, тренеров, судей и других участников;

      7) пол и год рождения спортсменов;

      8) система оценки результатов;

      9) медико-санитарное обеспечение;

      10) антидопинговое обеспечение;

      11) количественный состав судейской коллегии;

      12) порядок и срок подачи заявок на участие в спортивном соревновании;

      13) условия приема участников и судей;

      14) порядок награждения чемпионов и призеров спортивного соревнования;

      15) порядок подачи протестов и их рассмотрение;

      16) день приезда и день отъезда участников спортивных соревнований и судей.

      8. В положение (регламент) спортивного соревнования могут вноситься изменения или дополнения, но не менее чем за 14 (четырнадцать) календарных дней до начала спортивного соревнования.

Глава 2. Проведение спортивных соревнований

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Международные и республиканские спортивные соревнования проводятся по видам спорта, признанным уполномоченным органом.

      10. Международные спортивные соревнования на территории Республики Казахстан проводятся по решению международных спортивных организаций и уполномоченного органа в области физической культуры и спорта.

      Международные спортивные соревнования включаются в единый республиканский календарь спортивно-массовых мероприятий (далее – календарный план).

      11. Заявки на проведение международных спортивных соревнований на территории Республики Казахстан предоставляются республиканскими или региональными аккредитованными спортивными федерациями в международную спортивную организацию по согласованию с уполномоченным органом не менее чем за 18 (восемнадцать) месяцев до предполагаемой даты их проведения.

      12. Комплексные международные спортивные соревнования на территории Республики Казахстан проводятся по решению международных спортивных организаций и уполномоченного органа.

      Комплексные международные спортивные соревнования включаются в календарный план.

      13. Республиканские спортивные соревнования проводятся по решению уполномоченного органа в области физической культуры и спорта по согласованию с республиканскими аккредитованными спортивными федерациями по видам спорта в соответствии с календарным планом.

      14. Комплексные республиканские спортивные соревнования проводятся по решению уполномоченного органа в соответствии с календарным планом.

      15. Областные, городские и районные спортивные соревнования проводятся по решению местных исполнительных органов по согласованию с соответствующими местными аккредитованными спортивными федерациями в соответствии с едиными региональными календарями спортивно-массовых мероприятий.

      16. В чемпионатах Республики Казахстан принимают участие спортсмены (команды), являющиеся гражданами Республики Казахстан от соответствующей административно-территориальной единицы.

      17. Международные спортивные соревнования проводятся в соответствии с положениями (регламентами) о соревнованиях, разрабатываемыми и утверждаемыми республиканскими аккредитованными спортивными федерациями по согласованию с уполномоченным органом в области физической культуры и спорта.

      Республиканские или региональные аккредитованные спортивные федерации направляют Положения (регламент) международных спортивных соревнований в уполномоченный орган не позднее, чем за 12 (двенадцать) месяцев до начала даты их проведения.

      18. Республиканские спортивные соревнования проводятся в соответствии с положением (регламентам) соревнований утвержденными уполномоченным органом в области физической культуры и спорта по согласованию с республиканскими аккредитованными спортивными федерациями.

      Республиканские или региональные аккредитованные спортивные федерации направляют Положения (регламент) республиканских спортивных соревнований в уполномоченный орган не позднее, чем за 6 (шесть) месяцев до начала даты их проведения.

      19. Положения (регламенты) областных, городских и районных спортивных соревнований утверждаются совместно с местными аккредитованными спортивными федерациями и местным исполнительным органом.

      Местные, аккредитованные спортивные федераций направляют Положение (регламент) спортивных соревнований в областные, городские и районные исполнительные органы по физической культуре и спорту не позднее, чем за 6 (шесть) месяцев до начала даты их проведения.

Глава 3. Проведение спортивных соревнований на Кубок или призы Президента Республики Казахстан

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. Проведение соревнований на Кубок или призы Президента Республики Казахстан осуществляется уполномоченным органом по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан.

      21. Республиканские аккредитованные спортивные федерации по видам спорта по согласованию с местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения и столицы не менее чем за 3 (три) месяца до начала спортивного соревнования представляют в уполномоченный орган следующие документы:

      1) информацию о состоянии развития вида спорта в Республике Казахстан и на международной арене, о количестве областей (городов республиканского значения и столицы), о спортсменах, которые принимают участие в спортивном соревновании, о количестве всех участников спортивного соревнования, о количестве стран-участниц (для международного спортивного соревнования);

      2) проект положения (регламента) спортивного соревнования;

      3) ходатайство местного исполнительного органа.

      Сноска. Пункт 21 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Уполномоченный орган направляет заявку аккредитованной спортивной федерации по виду спорта на проведение спортивного мероприятия на Кубок или призы Президента Республики Казахстан в Администрацию Президента Республики Казахстан, для принятия решения о проведении спортивного соревнования, с приложением своего заключения о целесообразности проведения спортивного мероприятия.

Глава 4. Проведение республиканских спортивных соревнований в честь или на призы выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных и общественных деятелей

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      23. Проведение спортивных соревнований в честь или на призы выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей осуществляется республиканскими аккредитованными спортивными федерациями по согласованию с уполномоченным органом или местным исполнительным органом.

      24. Республиканские спортивные соревнования имени выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей проводятся по истечении 5 (пяти) лет со дня смерти выдающегося спортсмена, тренера, спортивного или общественного деятеля с письменного согласия наследника (наследников).

      25. Республиканские спортивные соревнования на призы выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей проводятся с письменного согласия выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей.

      26. Выдающиеся спортсмены, тренера, спортивные или общественные деятели, в честь или на призы которого проводится республиканское спортивное соревнование, определяются исходя из его весомого вклада в развитие отрасли физической культуры и спорта.

      Сноска. Пункт 26 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      27. В целях проведения республиканского спортивного соревнования в честь или на призы выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей, аккредитованные спортивные федерации представляют в уполномоченный орган не менее чем за 2 (два) месяца до начала республиканских спортивных соревнований следующие документы:

      1) биографию (для выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных и общественных деятелей);

      2) информацию о спортивных достижениях спортсмена, вкладе тренера, спортивных или общественных деятелей в отрасль физической культуры и спорта;

      3) письменное согласие выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей или его наследника (наследников);

      4) письмо аккредитованной спортивной федерации, подтверждающее вклад выдающегося спортсмена, тренера, спортивных или общественных деятелей в развитие отрасли физической культуры и спорта;

      5) положение (регламент) спортивного соревнования в честь или на призы выдающегося спортсмена, тренера, спортивных или общественных деятелей.

      Сноска. Пункт 27 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 5. Проведение областных спортивных соревнований в честь или на призы выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей

      Сноска. Заголовок главы 5 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      28. Выдающийся спортсмен, тренер, спортивный или общественный деятель, в честь или на призы которого проводится областное спортивное соревнование, определяются исходя из его весомого вклада в развитие отрасли физической культуры и спорта.

      Сноска. Пункт 28 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      29. Областное спортивное соревнование в честь выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей проводятся по истечении 5 лет со дня смерти выдающегося спортсмена, тренера, спортивного или общественного деятеля с письменного согласия наследника (наследников).

      30. Областное спортивное соревнование на призы выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей проводятся с письменного согласия выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей.

      31. В целях проведения областного спортивного соревнования в честь или на призы выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей аккредитованные спортивные федерации представляют в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы не менее чем за 2 (два) месяца до начала областного спортивного соревнования следующие документы:

      1) биографию (для выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных и общественных деятелей);

      2) письмо аккредитованной спортивной федерации, содержащее информацию о спортивных достижениях спортсмена, вкладе тренера, спортивных или общественных деятелей в отрасль физической культуры и спорта;

      3) письменное согласие выдающихся спортсменов, тренеров, спортивных или общественных деятелей или его наследника (наследников);

      4) письмо аккредитованной спортивной федерации, подтверждающее вклад выдающегося спортсмена, тренера, спортивных или общественных деятелей в развитие отрасли физической культуры и спорта;

      5) положение (регламент) спортивного соревнования в честь или на призы выдающего спортсмена, тренера, спортивных или общественных деятелей.

      Сноска. Пункт 31 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 6. Проведение учебно-тренировочных сборов

      Сноска. Заголовок главы 6 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 19.09.2018 № 263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      32. Учебно-тренировочные сборы проводятся в соответствии с календарным планом.

      33. На основании календарного плана физкультурно-спортивными организациями разрабатывается финансовый календарь спортивных мероприятий на текущий год по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      34. Учебно-тренировочные сборы, основным направлением которых является общефизическая, тактическая и спортивно-техническая подготовка спортсменов, относятся к категории сборов по подготовке непосредственно к спортивным соревнованиям.

      35. Учебно-тренировочные сборы по общефизической подготовке, восстановительные, по проведению обследования спортсменов (комплексных углубленных медицинских) относятся к специальным учебно-тренировочным сборам.

      36. Физкультурно-спортивные организации, проводящие учебно-тренировочные сборы:

      утверждают планы теоретических и практических занятий, воспитательной работы, индивидуальные планы подготовки спортсменов, планы работы комплексной научной группы, медицинского обеспечения и мероприятий по соблюдению безопасности;

      следят за качеством проведения учебно-тренировочного процесса, совершенствования технического и тактического мастерства спортсмена, организации воспитательной работы, соблюдения дисциплины, сохранности имущества;

      выделяют квалифицированных тренеров, врачей, массажистов, а также другой необходимый обслуживающий персонал;

      обеспечивают питанием, командировочными расходами, медико-биологическими и восстановительными средствами и методами;

      обеспечивают проведение учебно-тренировочного сбора на соответствующих спортивных сооружениях;

      обеспечивают необходимым спортивным инвентарем и оборудованием;

      утверждают персональные списки спортсменов и других участников учебно-тренировочного сбора;

      обеспечивают соблюдение правил и норм санитарно-гигиенических, пожарной безопасности, технической эксплуатации и обеспечения безопасности спортсменов учебно-тренировочного сбора;

      осуществляют страхование жизни и здоровья спортсмена при подготовке сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальные сборные команды по видам спорта) к официальным международным спортивным соревнованиям.

      37. Физкультурно-спортивные организации, проводящие спортивные соревнования и учебно-тренировочные сборы в соответствии с финансовым календарем спортивных мероприятий и календарным планом утверждают сметы на проведение каждого спортивного мероприятия в отдельности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

  Приложение
к Правилам проведения
спортивных мероприятий

      Форма

      Финансовый календарь спортивных мероприятий на год

п/п

Наименование спортивных мероприятий

Сроки и место проведения

Количество участников

Оплата судейских расходов

Начисление на з/плату

Питание

Спортсмены

Тренеры другие участники

1

2

3

4

5

6

7

8

Продолжение

Медикаменты, фармакологические средства

Призы, медали, грамоты и дипломы участникам спорт.мер., канцелярские товары

Проезд, суточные расходы, проживание внутри страны

Проезд, сут.прожив.визы за пределами страны, оплата за багаж, таможенные и другие расходы (за пределами республики Казахстан)

Аренда спортивных сооружений и инвентаря

Услуги связи

Аренда автотранспорта

9

10

11

12

13

14

15

Продолжение

Типографские и прочие расходы (страховка и т.д.)

Представительские расходы (по решению Уполномоченного органа)

Всего расходов в тенге





16

17

18