Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V "Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 242/34-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 маусымда № 815 болып тіркелді

      «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V  «Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2012 жылдың 19 маусымында № 728 болып тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 68 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 73 нөмірінде жарияланған) шешіміне (бұдан әрі - Шешім) келесі толықтыру енгізілсін:
      Шешімнің қосымшасы келесі мазмұндағы 10-жолмен толықтырылсын:
      «

10.

Астана қаласы, «Көктем» сауда үйі » аялдамасы – Қоянды саяжай алабы

».

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енедi.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       С. Богатырев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады