Астана қаласында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін салықтың базалық ставкалары туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 307/45-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 877 болып тіркелді

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексі 386-бабының 3-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаты белгіленсін (1-қосымша).
      2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай Астана қаласында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін салықтың базалық ставкаларының мөлшері белгіленсін (2-қосымша).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       З. Шибкенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 307/45-V шешіміне   
1-қосымша       

Астана қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің)
санаты

Р/с № Автотұрақтардың (паркингтердің) үлгілері мен түрлері Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

1.

Ақылы негізде көлік құралдарын сақтау жөнінде қызмет көрсету үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер)

I санат

2.

Тегін негізде көлік құралдарын сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер)

II санат

3.

Кідіртілген көлікті сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер)

III санат

Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 307/45-V шешіміне   
2-қосымша        

Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай
Астана қаласында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген
жер үшін салықтың базалық ставкаларының мөлшері

Автотұрақтың (паркингтің) санаты Тұрғын үй қоры, оның ішінде құрылыстар мен құрылғылар орналасқан жерді қоспағанда Астана қаласындағы жердің базалық ставкасы 1 ш.м үшін (теңге) Қазақстан Республикасының Салық кодексі 386-бабының 3-тармағына сәйкес автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін базалық ставкалардың ұлғайтылған мөлшері (есе) Ұлғайтылған мөлшерді ескерумен Астана қаласында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін базалық ставка (теңге)

I санат

19,30

10

193,0

II санат

19,30

1

19,30

III санат

19,30

1

19,30

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады