Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 "Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдерінің, Терісаққан, Жабай, Селеті, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/126 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 мамырда № 4167 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.05.2022 № А-5/222 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабындағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағы 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесінің 5-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнің, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерiн және оларды шаруашылыққа пайдалану режимiн белгiлеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3312 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 мамырда "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-қосымшадағы:

      "Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнің, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерi" кестесінде:

      6-бағанда:

      "25" цифрлары "35" цифрларына ауыстырылсын;

      "30" цифрлары "35" цифрларына ауыстырылсын;

      осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.

      3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақмола облысының әкімі

Қ.Айтмұхаметов

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Қоршаған орта және су


ресурстары министрлігі


Су ресурстары комитеті


Су ресурстарын пайдалануды реттеу


және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік


инспекциясы басшысының


міндетін атқарушы

Р.Сүлейменов


  Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 3 сәуірдегі
№ А-4/126 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2009 жылғы 26 қаңтардағы
№ А-1/19 қаулысына
2-қосымша

Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнің, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

      1. Елдi мекендерде суды қорғайтын аймақтың шекарасында су объектiсiнiң ластануы мен қоқыстануына жол бермейтiн пайдалану тәртiбi сақталуы керек.

      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      3. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жер үсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады