Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № А-6/274 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 шілдеде № 4255 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № А-4/152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 10.04.2015 № А-4/152 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Кулагин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А.Мамытбеков

Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ а-6/274 қаулысына 
1-қосымша       

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі

р/с №

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1

дәнділер (жаздық бидай)

2

дәнділер (арпа)

3

дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары)

4

бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық)

5

майлы дақылдар

6

ашық топырақтағы картоп

7

өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары

8

ашық топырақтағы баубақша дақылдары

9

азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер)

10

сүрлемге жүгері

11

өндірістік типтегі жылыжайларда қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары

Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ а-6/274 қаулысына 
2-қосымша       

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)

р/с №

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

Субсидиялар нормалары (1 гектарға) теңге

1

дәнділер (жаздық бидай)

300

2

дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары)

650

3

бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық)

650

4

майлы дақылдар

7000

5

азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер)

6000

6

сүрлемге жүгері

6500

7

ашық топырақтағы картоп

30000

8

өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары

75000

9

ашық топырақтағы баубақша дақылдары

30000

10

қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары

3736620,7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады