Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № С 33-1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 мамырда № 4200 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Казақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М.Жүністегі

      Ақкөл аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ж.Салыбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақкөл ауданының әкімі                      Т.Қ.Едігенов

Ақкөл аудандық мәслихаттың  
2014 жылғы 15 сәуірдегі № С 33-1
шешіміне қосымша       

Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақтардың шекаралары

1

2

3

I

1,5

Ақкөл қаласының орталық бөлігін алып жатыр. Аймақ шекарасы солтүстігінде Ақкөл көлінің жағалауымен, шығысында – Береговая көшесімен өтіп С.Нұрмағамбетов көшесіне бұрылады. А.Иманов көшесінің бойымен оңтүстігінде – Ш.Уәлиханов көшесімен, батысында – С.Сейфуллин көшесімен Авангардная және Октябрьская көшелерімен қиылысқа дейін, одан әрі солтүстік–шығыс бағытта көлге дейін жетеді.

II

1,3

Ақкөл қаласының солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Аймақ шекарасы шығысында Ақкөл көлінің жағалауымен өтіп, тұйық көшемен, кейін С.Сейфуллин көшесімен өтіп С.Нұрмағамбетов көшесіне бұрылады. Темір жол торабына дейін Кирдищев көшесін қиып өтеді, батыс жағынан Кирдищев көшесі бойымен Привокзальная көшесі қиылысына дейін, кейін Станционная көшесі бойымен. Солтүстік шекарасы Ақкөл қаласының тұрғын құрылысы шекарасымен өтеді.

IIІ

1,4

Ақкөл қаласының оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Аймақ шекарасы солтүстігінде – Ш.Уәлиханов көшесімен, шығысы мен оңтүстігінде аймақ шекарасы Ақкөл қаласының тұрғын құрылысы шекарасының бойымен, батысында – темір жолдан шектеу жолағымен Ш.Уәлиханов көшесіне дейін өтеді.

IV

1,2

Ақкөл қаласының оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Аймақ шекарасы солтүстігінде – Бөгенбай көшесімен, шығысында - темір жолдан шектеу жолағының бойымен, оңтүстігінде аймақ шекарасы Ақкөл қаласының тұрғын құрылысы шекарасының бойымен, батысында – V аймақпен шекаралас.

V

1,5

Ақкөл қаласының батыс бөлігін алып жатыр. Аймақ шекарасы солтүстігінде – аймақ шекарасы Ақкөл қаласының тұрғын құрылысы шекарасының бойымен, шығысында Панфилов көшесі арқылы «МАК» ЖШС бұрышына дейін, одан кейін «Горкомхоз» ШЖҚ РМК солтүстік шекарасы бойымен Пушкин көшесіне дейін, Пушкин көшесінің бойымен Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін жетеді. Оңтүстік-шығыс бөлігі – ІV аймақпен шекараласып, оңтүстік-батыс бөлігі Ақкөл қаласының тұрғын құрылысы шекарасының бойымен өтеді.

VI

1,5

Ақкөл қаласының солтүстік бөлігін алып жатыр. Аймақ шекарасы солтүстігінде – темір жол бойымен, шығысында – Станционная көшесімен Привокзальная көшесімен қиылысқа дейін жетеді. Одан кейін бұрылыс арқылы Исатай Тайманов көшесімен қиылысқа дейін Кирдищев көшесінің бойымен өтеді. Аймақтың оңтүстік бөлігі Исатай Тайманов көшесімен өтіп, Горная көшесіне бұрылып, Батыс бөлігі Ақкөл қаласының тұрғын құрылысы шекарасының бойымен өтеді.

VII

1,3

Ақкөл қаласының батыс бөлігін алып жатыр. Аймақ шекарасы солтүстігінде – V аймақпен, солтүстік-шығыс бөлігінде – Панфилов көшесімен шекаралас, одан кейін Исатай Тайманов көшесіне бұрылып, шығысында – Мир көшесімен, оңтүстік-шығысында Исаков көшесімен шектеледі, одан әрі Ленин бұрылысы арқылы өтеді, оңтүстік шекарасы С.Нұрмағамбетов көшесімен өтіп, батыс шекарасы Пушкин көшесімен өтеді.

VIII

1,3

Ақкөл қаласының орталық бөлігін алып жатыр. Солтүстік–шығысында аймақ шекарасы Горная, Исатай Тайманов, Кирдищев көшелерімен өтіп, одан кейін С.Нұрмағамбетов көшесі арқылы С.Сейфуллин көшесімен жалғасады. Оңтүстігінде – Бөгенбай көшесімен, батысында – Пушкин көшесімен өтіп, С.Нұрмағамбетов көшесіне ауысады, Ленин бұрылысы арқылы өтіп, Исаков көшесімен шектеседі. Солтүстік–батысында – Мир, Исатай Тайманов көшелері арқылы Панфилов көшесіне бұрылып, Горный көшесінің қиылысына дейін жетеді.

IX

1,2

Ақкөл қаласының шығыс бөлігін алып жатыр. Солтүстік–шығысында аймақ шекарасы Ақкөл қаласының тұрғын құрылыс шекарасымен өтеді. Оңтүстігінде – Ш.Уәлиханов көшесіне жетіп, С.Нұрмағамбетов көшесімен қиылысына дейін А.Иманов көшесіне дейін жетеді, оңтүстік–батыс шекарасы ІІІ-аймақ шекарасының бойымен өтеді, одан әрі батыс бағытта С.Нұрмағамбетов көшесі арқылы көлге дейін Береговая көшесімен жалғасады.

X

1,0

Құрылыс шегінен тыс орналасқан. Құрылыссыз аймақ ауыл шаруашылығы танаптары сипатында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады