2015 жылы Есіл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 36/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 4609 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 28.04.2015 № 42/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2015 жылы Есіл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы                  С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Есіл ауданының әкімі                       Қ.Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады