2014 жылға Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № а-3/149 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 наурызда № 4063 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01-10-25 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 09.01.2015 № 01-10-25 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2014 жылға Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) зейнеткерлік жас алдындағы жасқа жеткенге дейінгі елу жастан жоғары жастағы ер адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      2) зейнеткерлік жас алдындағы жасқа жеткенге дейінгі қырық бес жастан жоғары жастағы әйел адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (үш айдан астам);
      4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н.Нұркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады