"Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 тамыздағы № 234 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 қыркүйекте № 4019 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.08.2016 № 51 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3275 тіркелген, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің № 160-161 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің атауындағы, "ауылдық (селолық) жерде" деген сөздер "ауылдық елді мекендерде" деген сөздермен алмастырылсын;
      шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы А. АХМЕТ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 10 декабря 2008 года № 134 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам социальной сферы, работающим в аульной (сельской) местности"

Решение маслихата Актюбинской области от 15 августа 2014 года № 234. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 3 сентября 2014 года № 4019. Утратило силу решением маслихата Актюбинской области от 17 августа 2016 года № 51

      Cноска. Утратило силу решением маслихата Актюбинской области от 17.08.2016 № 51 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение областного маслихата от 10 декабря 2008 года № 134 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам социальной сферы, работающим в аульной (сельской) местности" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3275, опубликованное 30 декабря 2008 года в газетах "Актобе" и "Актюбинский вестник" № 160-161), следующие изменения и дополнения:
      в названии решения, слова "аульной (сельской) местности" заменить словами "сельских населенных пунктах";
      пункт 1 решения изложить в новой редакции:
      "Установить повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, по сравнению с окладами и ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, финансируемых из областного бюджета.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии областного маслихата А. АХМЕТ
      Секретарь областного маслихата С. КАЛДЫГУЛОВА