"Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 601 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 қазанда № 9813 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істері министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істері министрінің 18.11.2015 № 939 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 60-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық, атқарушылық және өзге де мемлекеттік органдарының 2010 жылғы 25 қарашадағы № 15 нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      6-тармақта:
      он төртінші, он бесінші, он алтыншы бөліктер алынып тасталсын;
      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұсынылмайды» деген қорытынды:
      жеке ерекшеліктері тіпті сапалы кәсіптік даярлығы және қызметке деген жоғары мотивациясы болған кездің өзінде ұдайы шамадан тыс жүктеменің болуынан функционалдық резервтерінің тез түгесілуіне байланысты көзделген лауазымдағы немесе оқудағы қызметтік табысын сенімді болжауға мүмкіндік бермейтін адамдарға;
      аурулардың дамуының жоғары ықтималдылығымен айқын дезадаптация белгілері, қызметке немесе оқуға қанағаттанарлықсыз мотивациясы, жеке басының теріс ерекшеліктері, мінез-құлықтың әлеуметке жат нысандары бар адамдарға;
      кәсіби маңызды психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерінің деңгейі төмен, функциялық жүйелерінің резервтері төмендеген адамдарға қатысты шығарылады.».
      2. Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Н.Қ. Нұрғазин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ____________ Т. Дүйсенова
      2014 жылғы 10 қыркүйек
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады