Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 1875 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 шілдеде № 3972 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 3544 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 26.08.2016 № 3544 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, 27 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Әлімовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Омаров

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 1875 қаулысына қосымша

Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар


Сату орындары
1
Кереев көшесі, 2
2
11 мөлтек ауданы, 86 ("Нектар" сауда үйінің алды)
3
12 мөлтек ауданы, 21/1 ("Қара Алтын" мейрамханасы ауданы)
4
"Болашақ" мөлтек ауданы (№ 133 "Б" үйдің ауласы)
5
Ағ. Жұбановтар көшесі, 282 (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне қарсы)
6
Есет батыр көшесі, 91 ("Дастархан" супермаркетінің ауданы)
7
Есет батыр көшесі, 110
8
Киселев көшесі, 27 ("Арман" сауда үйі ауданы)
9
Курсанттар тас жолы, 16 ("Рокос" ЖШС кеңсесінің алды)
10
Ахтанов көшесі, 46 ("Тұрсын" сауда үйінің алды)
11
101 Атқыштар бригадасы даңғылы, 14
12
"Қонаев" мөлтек ауданы (№ 85 үйге қарсы)
13
Қобда көшесі (№ 45 үйдің жаны)
14
"Авиақалашық" мөлтек ауданы (коммуналдық шағын базардың алды)
15
Рысқұлов көшесі, 14
16
Гришин көшесі, 72 ("Самара" автобөлшектер сату дүкенінің маңы)
17
Гришин көшесі (№ 68 үйдің ауласы)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады