Мәртөк ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 155 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 4187 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 15.07.2016 № 29 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ә. Әлмұхамбетов
      Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы А. Исмағұлов

  2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 155 Мәртөк аудандық мәслихатының шешіміне қосымша

Мәртөк ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары


Елді мекендерінің атаулары

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары

1

Мәртөк ауылы
Есет Көкіұлы көшесіндегі "Жастық" мәдени және демалыс саябағының аумағы

2

Жайсан ауылы
Болашақ көшесіндегі саябағының аумағы

3

Родниковка ауылы
Гагарин көшесіндегі Мәдениет үйі алдындағы алаң

4

Хлебодар ауылы
Жеңіс көшесіндегі "Перекресток" дүкені мен "Алқа" кафесінің арасындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады