Темір ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 169 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 наурызда № 3794 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 60 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 20.12.2016 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Темір ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жыл сайын бюджет қаражаты есебінен 7 500 (жеті мың бес жүз) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін, орталықтандырылған жылумен жабдықтау және газбен жылыту жүйелеріне қосылған үйлерде тұратын мамандардан басқаларына.
      Ескерту. 1- тармақ жаңа редакцияда Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 295 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      А.ПАНГЕРЕЕВА Н.ӨТЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады