Темір ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 194 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 шілдеде № 3977 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 97 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 22.04.2015 № 97 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Темір ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Темір ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Мұңайтбасовқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Б.Қаниев

  Темір ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 194 қаулысына қосымша

Темір ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар



Атауы
Сауда орындары
Ақсай ауылдық округі
1
Ақсай ауылы
Төсбұлақ көшесі (ауылдық Мәдениет үйінің қасында)
Қайыңды ауылдық округі
2
Құмқұдық ауылы
Мектеп көшесі (ауылдық Мәдениет үйінің қасында)
3
Бабатай ауылы
Жиеналы хазірет көшесі (ауылдық медициналық пункттің қасында)
4
Шибұлақ ауылы
Бұлақты көшесі (№ 5 үйдің қасында)
Кеңкияк ауылдық округі
5
Кеңқияқ ауылы
Парк көшесі ("Ақбота" бала-бақшасының қасында)
Шұбарши ауылдық округі
6
Шұбарши кенті
Геолог көшесі ("Жұмагүл" дүкенінің қасында)
Шұбарқұдық ауылдық округі
7
Шұбарқұдық кенті
Асау-барақ көшесі ("Наурыз" дүкенінің қасында)
8
Шұбарқұдық кенті
Привокзальная көшесі (Теміржол вокзалының қасында)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады