Талдықорған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпандағы "Талдықорған қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 209 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 02 маусымдағы № 239 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 10 маусымда № 2743 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 424 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 09.09.2018 № 424 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Талдықорған қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 209 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 20 наурызда № 2625 тіркелген, 2014 жылы 28 наурызда қалалық "Талдықорған" газетінің № 13 (1271) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Тимур Қапасұлы Биғожановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс ХХХVIII


сессияның төрағасы

Р. Сұлтанбеков

Қалалық мәслихаттың


хатшысы

М. Бопазов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады