Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 26-953 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 02 қазанда № 2861 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 46-тармақтарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін № 1 қосымшаға сәйкес шарттық негізде үй-жай берілсін.
      2. Талдықорған қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша Дәулет Әбдібекұлы Жүнісов) бірлесіп, Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттар үшін № 2 қосымшаға сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
      3. "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Малдыбай Молдабайұлы Қалиев) Талдықорған қалалық мәслихатына №1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Мәрлен Қапашұлы Көлбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Алпысов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Талдықорған қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Даулет Әбдібекұлы Жүнісов

Қала әкімдігінің 2014 жылғы "23" қыркүйек
"Талдықорған қалалық мәслихатына
№ 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа
кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі
үшін үй-жай беру туралы және үгіттік баспа
материалдарын торналастыру үшін орын
белгілеу туралы" № 26-953 қаулысына
№ 1 қосымша

Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін
ҮЙ-ЖАЙЛАР

      1.Талдықорған қаласы, Белов көшесі, № 123, Островский атындағы № 8 орта мектебінің акті залы.
      2. Талдықорған қаласы, Мойнақ ауылы, Ақбұлақ көшесі, № 23, № 23 орта мектебінің акті залы.

Қала әкімдігінің 2014 жылғы
"23"қыркүйек
"Талдықорған қалалық мәслихатына
№ 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа
кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі
үшін үй-жай беру туралы және үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін орын
белгілеу туралы" № 26-953 қаулысына
№ 2 қосымша

Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша
депутаттыққа кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін
ОРЫНДАР

      1. Талдықорған қаласы, Ярославский көшесі, № 6, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледждің маңындағы тақта.
      2. Талдықорған қаласы, Мойнақ ауылы, Ақбұлақ көшесі, № 23, № 23 орта мектеп маңындағы тақта.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады