Ақсу ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қазандағы № 551 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 31 қазанда № 2897 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 02.02.2018 № 45 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Ақсу ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сәбит Бейсебекұлы Қорғанбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Далбағаев

  Ақсу ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "08" қазан "Ақсу
ауданы бойынша мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту мемлекеттік
білім беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және
ата-ананың ақы төлеу мөлшерін
бекіту туралы" № 551 қаулысына
қосымша

Ақсу ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Аудан атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Ақсу ауданы

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар


955

125

15374

3607


      кестенің жалғасы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналардың бір айға төлемақы мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар

11112

9260

177111

3607


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады