Алакөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Алакөл аудаңдық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" N 27-1 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 мамырдағы N 31-6 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 15 мамырда N 2701 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 31-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 31-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы N 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алакөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Алакөл аудаңдық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" N 27-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 20 наурызда N 2626 тіркелген, 2014 жылы 05 сәуірде аудандық "Алакөл" газетінің N 14(7584) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды."

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сағындық Қауанұлы Ақтымбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат


сессиясының төрағасы

А. Жазылбеков

Аудандық мәслихат


хатшысы

Б.Сейрбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады