Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 қарашада № 9892 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау және Қаржы министрлерінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М.Савельева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Министр

Б.Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 494 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидалары

      Осы Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы (бұдан әрi - Бюджеттiк сыныптама) сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет түсімдерін және шығыстарын топтастыру болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 26-бабына сәйкес бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың шешімдері негiзiнде жасалады.

      Бюджет кодексінің 27-бабына сәйкес Бюджеттiк сыныптама мыналарды:

      бюджет түсiмдерінің сыныптамасын;

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;

      бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      сыныптамалық код - түсiмдердiң, бюджет шығыстарының әрбiр түрi және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, олардың белгiлi бiр сипаттамалары бойынша, түсiмдер сыныптамасының, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасының деңгейлерi бойынша жеке бекiтiлетiн цифрлық белгi (топтамалық код).

2. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы

      3. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетiлген салықтарды, төлемдердi және бюджетке түсетiн басқа да түсiмдердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.

      Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады:

      түсiмдердiң экономикалық белгiлерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Санаттың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;

      түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптамалық код 2 белгiден тұрады;

      түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын кіші сыныптар. Кіші сыныптың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;

      төлем түрiн немесе бюджетке түсетiн түсiмдерді айқындайтын ерекшелiктер. Ерекшеліктің сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.

      4. Түсiмдердiң әрбiр түрiнiң түсiмдер сыныптамасының барлық деңгейлерiнiң кодтарынан қалыптасатын алты таңбалы коды болады.

      Бюджет түсімдерінің алуан түрлерi үшiн бiрдей алты таңбалы кодтарды белгiлеуге жол берiлмейдi.

      5. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы мынадай негiзгi санаттарды қамтиды:

      1) 1 "Салықтық түсiмдер";

      2) 2 "Салықтық емес түсiмдер";

      3) 3 "Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер";

      4) 4 "Трансферттердің түсiмдері";

      5) 5 "Бюджеттiк кредиттердi өтеу";

      6) 6 "Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер";

      7) 7 "Қарыздар түсiмi";

      8) 8 "Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары".

      6. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

3. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

      7. Бюджет кодексінің 29-бабына сәйкес мемлекет функцияларының орындалуын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын iске асыруды көрсететін функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.

      Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:

      функционалдық топтар;

      функционалдық кіші топтар;

      бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi;

      бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар).

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Функционалдық топ елдiң стратегиялық даму басымдықтарына сәйкес келетiн және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететiн елдiң негiзгi даму бағыттарын көрсетедi. Функционалдық топтың сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.

      Мемлекеттiк басқару органдары орындайтын функцияларға байланысты бюджет шығыстары мынадай функционалдық топтар бойынша сыныпталады:

      1) 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер";

      2) 02 "Қорғаныс";

      3) 03 "Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметi";

      4) 04 "Бiлiм беру";

      5) 05 "Денсаулық сақтау";

      6) 06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру";

      7) 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық";

      8) 08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк";

      9) 09 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану";

      10) 10 "Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары";

      11) 11 "Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi";

      12) 12 "Көлiк және коммуникация";

      13) 13 "Басқалар";

      14) 14 "Борышқа қызмет көрсету";

      15) 15 "Трансферттер";

      16) 16 "Қарыздарды өтеу".

      9. Функционалдық кіші топ ел дамуының әрбiр стратегиялық басымдығы жөнiндегi мiндеттер тобын функционалдық топ iшiнде нақтылайды. Функционалдық кіші топтың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады.

      10. Бюджет кодексінің 31-бабына сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сай айқындалады.

      Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады, ал жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың базалық құрылымына және тиісті мәслихат бекітетін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасына сүйене отырып, айқындалады.

      Бюджеттiк бағдарламалардың әрбiр әкiмшiсiне жеке сыныптамалық код берiледi, ол 3 белгiден тұрады.

      11. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік органның даму жоспарында айқындалған мақсаттармен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

      Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы тиісті аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы

      индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

      Бюдджеттік бағдарлама сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Атаулары бiрдей бюджеттiк бағдарламалар, оның iшiнде бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаларды орындау кезiнде пайдаланылатындар мен бюджеттiк бағдарламалардың бiрнеше әкiмшiлерiне бекiтiлгендердiң де кодтары бiреу және 100-ден бастап 199-ға дейiнгi кодтар бойынша сыныпталады.

      13. Бюджеттік кіші бағдарлама мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатын жұмсаудың нақты бағыттарын ашады және бюджеттік бағдарлама сияқты ол да сол функционалдық топта, функционалдық кіші топта бекітіледі.

      Әртүрлі көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар үшін бюджеттік кіші бағдарлама қаржыландыру көздерінің әрқайсысы үшін бөлінеді.

      Бюджеттiк кiшi бағдарламалардың 001-ден 999-ғa дейiнгi сыныптамалық коды болады. Бiрнеше әкiмшiлерге бекiтiлген аттас бюджеттiк кiшi бағдарламалар 001-ден 099 аралығындағы кодтар бойынша жiктеледi.

      Егер бағдарлама кiшi бағдарламаларға бөлiнбесе, олардың орнына 000 сыныптамалық коды көрсетiледi.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Функционалдық топ, функционалдық кiшi топ, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi, бюджеттiк бағдарлама және кiшi бағдарлама кодтарынан тұратын әрбiр он екi таңбалы код бюджет шығыстарының барлық функционалдық сыныптамасының бiрегейі болып табылады.

      15. Бюджет кодексінің 33-бабына сәйкес бюджеттiк бағдарламалар мыналарға бөлiнеді:

      1) мазмұнына байланысты мыналарға:

      мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету;

      трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру;

      бюджеттік кредиттерді беру;

      бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру;

      күрделi шығыстарды жүзеге асыру;

      мемлекет мiндеттемелерiн орындау;

      нысаналы салым салу;

      нысаналы аударым;

      нысаналы жарна.

      Мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру бойынша шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін;

      2) мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай мыналарға:

      республикалық бюджет құрамында бекітілетін республикалық;

      облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана;

      аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында бекітілетін аудандық (қалалық);

      республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қала бюджеттері құрамында бекітілетін қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаның 6-абзацы тұрғындар саны екі мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018, тұрғындар саны екі мың және одан кем аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Қаржы министрінің 01.08.2017 № 469 бұйрығымен.

      аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаның 7-абзацы тұрғындар саны екі мыңнан асатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 дейін, тұрғындар саны екі мың және одан кем аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін әрекет етеді – ҚР Қаржы министрінің 01.08.2017 № 469 бұйрығымен.

      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді.

      Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.

      3) iске асыру тәсiлiне қарай мыналарға:

      бiр әкiмшi iске асыратын жеке бюджеттiк бағдарламалар;

      белгiлi бiр бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламаларының құрамында бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында ағымдағы қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiс бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар болып бөлiнедi.

      Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) және бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) бөлінеді.

      Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жатады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 24.02.2015 № 114; 17.11.2015 № 565; 01.08.2017 № 469 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 05.03.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.07.2023 № 752 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.

      16. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

4. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

      17. Бюджет кодексінің 30-бабына сәйкес бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.

      Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады:

      шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастыратын санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;

      шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;

      шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша барынша егжей-тегжейлi топтастыратын кіші сыныптар. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.

      18. Ерекшелiктердiң сыныптамалық кодтары шығыстардың экономикалық сыныптамасының жоғары тұрған деңгейлерiнiң сыныптамалық кодтарынан бөлек қолданыла алады және әртүрлi санаттарда, сыныптарда, кіші сыныптарда қайталанбауға тиiс.

      19. Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады:

      1) 1 "Ағымдағы шығындар" мемлекеттiк мекемелердiң өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары;

      2) 2 "Күрделi шығындар" негiзгi капиталды құруға, қалпына келтiруге немесе сатып алуға байланысты шығындар;

      3) 3 "Бюджеттiк кредиттер" қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негiзде бюджеттен бөлiнетiн ақша;

      4) 4 "Қаржы активтерiн сатып алу" мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың, оның iшiнде, халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстар;

      5) 5 "Қарыздарды өтеу" қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар;

      6) 6 "Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау" мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын көрсету үшін.

      20. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

      21. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының негiзiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Қағидаларға 4-қосымшасына сәйкес ерекшелiктердiң анықтамасы мен ерекшелiктер бойынша шығындардың тiзбесi көрсетiлетiн бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын жасайды және бекiтедi.

5. Бюджеттiк сыныптаманы жасау, бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      22. Мемлекеттiк басқару органдарының Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу жөнiндегi нормативтiк негiзделген тиiстi ұсыныстары бюджеттi жоспарлау процесiнде, сондай-ақ Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзудi болжайтын нормативтiк құқықтық акт қабылданған жағдайда бюджеттi атқару барысында бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға енгiзiледi.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы мнистрiнiң 17.11.2015 № 565 бұйрығымен.

      23. Бюджеттiк сыныптаманың жобасына алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын жоспарлау үшiн қажеттi өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiн енгiзiледi.

      24. Алдағы қаржы жылына арналған Бюджеттiк сыныптама жобасын бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру үшiн орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарға жiбередi.

      25. Бюджеттiк сыныптама жоспарланатынының алдыңғы жылдың 10 желтоқсанына дейiн алдағы жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданғаннан кейiн бекiтiледi.

6. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      26. Бюджеттiк сыныптамада бюджеттiк түсiмдердiң жаңа түрлерiн енгiзудi, қолданыстағы түрлерiн алып тастауды немесе өзгертудi тиiстi нормативтiк құқықтық актi негiзiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.

      27. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк басқару органдарының бюджет түсiмдерiнiң жаңа түрлерiн енгiзу туралы, қолданыстағыларды алып тастау немесе өзгерту туралы тиiстi ұсыныстарының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларына, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.

      Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қарау нәтижелерi негiзiнде Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы жоба бұйрығын әзiрлейдi не ұсынысты кейiнге қалдырады.

7. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      28. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың жаңа әкiмшiлерiн енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту орталық мемлекеттiк органдар құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ қажет болған кезде олардың функциялары өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      29. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың жаңа әкiмшiлерiн енгізу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту, жергілікті мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымын өзгерткен және (немесе) жылына 1 реттен жиі емес, тиісті аумақта орналасқан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жаңа атқарушы органдардың құрылуына немесе жұмыс істеп тұрғандарының біріктірілуіне, қосылуына, бөлінуіне байланысты тиісті мәслихат бекіткен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

      30. Бюджеттiк сыныптамада жаңа бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту бюджет шығыстарының тиiстi түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде жүргiзiледi.

      31. Дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешегi бар қолданыстағы бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) алып тастау толық берешек өтелгеннен (есептен шығарылғаннан) немесе осы берешектiң құқықтық мирасқоры анықтаған бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламасына көшiрiлгеннен кейiн жүргiзiледi.

      32. Жергiлiктi атқарушы органдар жаңа жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарды тиiстi республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жiбередi, олар бұл ұсыныстардың қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестiгi, өкiлеттiктердiң мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында бөлінуі тұрғысынан қарайды.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сәйкес келмеген жағдайда жергiлiктi атқарушы органдарға Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуден негiзделген бас тартуды қалыптастырады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сәйкес келген жағдайда жергiлiктi атқарушы органдар ұсыныстарының жиынтық тiзбесiн жасайды және өздерiнiң қорытындыларымен бiрге бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiбередi.

      33. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарының олардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкестiгiн, нормативтiк құқықтық негiздемесiнiң болуын, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.

      Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қарау нәтижелерiнiң негiзiнде Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы бұйрық жобасын әзiрлейдi не ұсыныстарды қабылдамайды.

      34. Ағымдағы қаржы жылы бюджетiнiң атқарылуы барысында жаңа бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзуге, қолданыстағыларын алып тастауға немесе өзгертуге бюджет нақтыланған немесе түзетiлген кезде ғана болады.

8. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      35. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгiзудi, қолданыстағыны алып тастау немесе өзгертудi мемлекеттiк органдардың ұсыныстарын ескере отырып бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.

      36. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган шығыстардың экономикалық сыныптамасы жаңа ерекшелiгiн енгiзу, қолданыстағыны алып тастау немесе өзгерту туралы мемлекеттiк органдардың тиiстi ұсыныстарын қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларына, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарастырады.

      37. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы негiзiнде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын жасайды және бекiтедi.

  Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау қағидаларының
1-қосымшасы

Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы

Санаты


Сыныбы



Кіші сыныбы




Ерекшелiгi





Атауы

0











00






0






00


  Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау қағидаларының
2-қосымшасы

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

Функционалдық топ


Функционалдық кіші топ



Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi




Бюджеттік бағдарлама





Кiшi бағдарлама






Атауы

00







0







000







000







000


  Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау қағидаларының
3-қосымшасы

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

Санаты


Сыныбы



Кіші сыныбы




Ерекшелiгi





Атауы

0






0






000






000


  Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау қағидаларының
4-қосымшасы

Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымы

Кiшi сыныбы

Ерекшелiгi

Атауы

Анықтамасы

Шығындар тiзбесi






  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 494 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау және Қаржы министрлерінің күшiн жойған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

      1) "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8398 тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 196 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8561 тіркелген);

      3) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9179 тіркелген);

      4) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 392 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9765 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады