Байланыс формасы

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 желтоқсанда № 10046 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 21.12.2015 № 669 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Қ.Н. Абдуллаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
                                              Қаржы министрінің    
                                         2014 жылғы 9 желтоқсандағы
                                         № 548 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай
     ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың,
             көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.09.2015 № 482 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Атауы

1.

Тауарлар:

1.1.

автокөлік құралдары

1.2.

тікұшақтар

1.3.

серверлік, телекоммуникациялық жабдықтар (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

1.4.

жұмыс станциялары, моноблоктар (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

1.5.

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер) (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

1.6.

жиһаз (тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

2.

Жұмыстар:

2.1.

орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялау

2.2.

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар шығатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын жаңа объектілерді құру (салу) не қолда барларын реконструкциялау

3.

Көрсетілетін кызметтер:

3.1.

орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, дамыту және жаңғырту

3.2.

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар шығатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, дамыту және жаңғырту

3.3.

орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, әкімшілендіру (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

3.4.

орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, техникалық қызмет көрсету және аппараттық-бағдарламалық кешендерді жөндеу (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

3.5.

орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, полиграфиялық кызметтер және баспа өнiмдерін өндіру (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

3.6.

лицензияланған бағдарламалық өнімді техникалық қолдау (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

      Ескертпе:
      *мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оның ведомстволары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.
      ** жоғарғы бюджеттермен төменгі құрылым бюджеттеріне берілетін, дамытуға арналған мақсатты трансфертді қоспағанда тапсырыс берушілермен белгіленген тұлғалардан (мекемелер және олардың аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік ведомстволық бағынысты ұйымдар) тәуелсіз, орталық және басқа да орталық мемлекеттік атқарушы органдары әкімші болып табылатын мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру 2.1 және 3.1 тармақтарында көрсетілген, жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша біріңғай ұйымдастырушымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады