Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті бойынша Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 19-5/519 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 қазанда № 9820 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 380 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.09.2018 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңның 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті ережесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 14-Ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын (№ 9088 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Егемен Қазақстан" 5 ақпандағы 2014 жылғы № 24 (28248) газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде кезеңдік басылымдарға және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков



  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы
  министрінің
  2014 жылғы 10 қазандағы
  № 19-5/519 бұйрығымен
  бекітілді

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Cу ресурстары комитеті
туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы іске асыру және бақылау қызметтерін өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқада нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауларымен мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында есептері бар.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқада актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды.

      7. Құрылымы мен штаттық саны лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үйі.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Су ресурстары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесi.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      11-1. Комитеттің мынадай аумақтық бөлімшелері бар:

      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2015 № 19-6/551 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-2. Комитеттің мынадай бағынысты ұйымдары бар:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.

      Ескерту. 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2015 № 19-6/551 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

      Егер заңнамалық актілермен Комитетке кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

     

2. Комитеттің негізгі міндеттері және қызметтері

      13. Міндеті:

      1) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету;

      2) су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) Комитетке өз құзыреті шегінде жүктелген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Қызметтері:

      1) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;

      2) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi;

      3) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;

      4) суды және оның пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады;

      5) су объектiлерi деректерiнiң ақпараттық базасын құрады және оған барлық мүдделi адамдардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;

      6) республикалық меншiктегi су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;

      7) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және iске асырады;

      8) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау жәнесу бұру саласындағы жобалау, iзденiс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;

      9) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысады;

      10) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      11) су қорын пайдалану, сумен қамту және су тарту саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су тарту жүйелерінен басқа);

      12) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      13) орталық атқарушы органдар әзiрлеген өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары су ресурстарын пайдаланудың жол берiлетiн деңгейi нысанасында уәкiлеттi органда келiсуден өтед;

      14) табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберудiң көлемiн уәкiлеттi орган су объектiлерi бассейндерi бойынша белгiлейдi;

      15) мемлекеттiк су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделi жеке және заңды тұлғалардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етеді;

      16) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның су нысанының әр бассейні үшін су сапасының критерийлері мен жай-күйінің нысаналы көрсеткіштерін әзірлейдi;

      17) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесiн құрады;

      18) су пайдалану лимиттерін жылдың сулылығын, су нысандарының экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып, жыл сайын нақтылайды;

      19) өзен бассейндерi бойынша су пайдалану лимиттерi бассейндiк схемалар мен су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi негiзiнде белгiленедi;

      20) экономика саласында салыстырмалы суды тұтыну нормаларын келіседі;

      21) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      22) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      23) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық істерінің өндірістерін жүзеге асырады;

      23-1) бөгеттер иелерінің бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгілеген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      23-2) су қорғау аймақтарының, белдеулерінің және оларды шаруашылықта пайдалану режимдернің жобалау құжаттамасының келіседі;

      23-3) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат беруді келіседі;

      23-4) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердің белгіленуін келіседі;

      23-5) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшін пайдалануды келіседі;

      23-6) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      23-7) ағаш ағызу үшін пайдаланылатын су объектілерінің тізбесін және оларды тазарту тәртібін келіседі;

      23-8) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;

      23-9) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;

      23-10) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      23-11) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.

      24) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2015 № 19-6/551 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Комитеттің құқықтары және міндеттері:

      1) орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде қабылдауға;

      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды алуға және сұратуға;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген басқада құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитетке басшылықты жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Комитет төрағасы жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      18. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес қызметтеріне тағайындалатын және қызметтерінен босатылатын орынбасарлары бар.

      19. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) заңнамаларға сәйкес төраға орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және жұмыстан босатады;

      2) тәртіптік жазаларды заңмен белгіленген тәртіпте қолданады;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      4) өз құзыреті шегінде Комитетті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқада ұйымдарда ұсынады;

      5) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымы және штаттық кестесін өзгерту туралы ұсынысты енгізеді;

      6) өз құзыретіне енетін басқада мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      7) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерге бағытталған шараларды өз құзыреті шегінде қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға жеке жауапкершілік атқарады;

      8) белгіленген заңнамалық тәртіпте Комитеттің қызметкерлеріне және өңірлік органдардың басшы орынбасарларына іссапарлар, демалыстар беру, материалдық көмектер көрсету, біліктілік көтеру, даярлау (қайта даярлау), көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;

      9) белгіленген заңнамалық тәртіпте аумақтық органдардың басшыларының және басшы орынбасарларының демалыстарын беру мәселелерін шешеді;

      10) белгіленген заңнамалық тәртіпте аумақтық органдардың бірінші басшылары мен оның орынбасарларын қызметін тағайындау және қызметінен босату туралы, сондай-ақ тәртіптік жазаға тарту жөнінде Жауапты хатшыға ұсынысты енгізеді;

      11) белгіленген заңнамалық тәртіпте өзінің орынбасарларының, қызметкерлерінің, аумақтық органдардың басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін (лауазымдық нұсқаулықтары) анықтайды және бекітеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелердің басшылары мен орынбасарларын лауазымдарына тағайындайды және босатады;

      13) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелердің басшылары мен орынбасарларын іссапарға жіберу, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақы мен сыйақы беру мәселелерін келіседі;

      14) Комитеттің бағынысты ұйымдарының құрылымын бекітеді.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде өкілеттерін орындау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

      20. Комитеттің төрағасы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттерін анықтайды.

4. Комитеттің мүлігі

      21. Комитеттің заңнамамен көзделген жағдайында оперативтік басқару құқығында оқшауланған мүлігі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлігі меншік иесімен берілген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасымен тиым салынбаған басқада көздерден алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса) қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатқызылады.

      23. Комитет өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер өзге заңнамамен белгіленбесе өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады