Байланыс формасы

Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 тіркелді.

      Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 3-2/615 бұйрығымен
бекітілген

Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.10.2018 № 428 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялар) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) басқарма – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы немесе Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы;

      2) жеке шот – тізілімде қамтылған, субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

      3) кепілдендірілген сатып алу бағасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жүзеге асырылатын, өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін баға;

      4) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес басқарма айқындайтын, иесі ретінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      5) өтінім – өңдеуші кәсіпорындардың тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін шикізат сатып алуға арналған субсидияларды алуға электрондық өтінім;

      6) сатып алу бағасы – бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар ұсынуы мүмкін баға;

      7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау талаптарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      8) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялау жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      9) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;

      11) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесіне (бұдан әрі – өнімдер тізбесі) сәйкес өндеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға жұмсайтын шығындары субсидиялауға жатады.

      4. Субсидиялау кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді болжайды.

      Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен, дайындаушы ұйымдар мен дара кәсіпкерлерден ауыл шаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылы және алдыңғы жылдың төртінші тоқсанына сатып алуға кеткен шығындары үшін төленеді.

      5. Субсидияларды есептеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті мен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қаулысымен бекітілетін өнімдер тізбесіне сәйкес бағыттар бойынша сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері (бұдан әрі – субсидиялар нормативі) ескеріле отырып, өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Субсидиялар нормативін айқындау үшін құрамында облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің, оның ішінде Басқарманың өкілдерінен, сондай-ақ салалық қоғамдық бірлестіктердің, өңдеуші кәсіпорындардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының өкілдері бар комиссия құрылады. Комиссия құрамы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады және бекітіледі.

      Комиссия төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің орынбасары болып табылады.

      7. Комиссия құрамы жыл сайын қалыптастырылады және 9 (тоғыз) адамнан кем болмауы тиіс.

      8. Комиссия ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің алдыңғы жылғы орташа бағалары бойынша статистикалық деректер талдауының қорытындылары бойынша жылдық инфляция деңгейін есепке ала отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ағымдағы жылға кепілдендірілген сатып алу бағасын (Бкеп.сат ) айқындайды.

      9. Комиссия алдыңғы жылғы өңдеуші кәсіпорындардың дайын өніміне қалыптасқан нарықтық бағалар бойынша жиналған деректер негізінде ағымдағы жылға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңдеуші кәсіпорындарының шикізатты сатып алу бағасын (Бсат ) айқындайды.

      10. Шикізат сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Бсат = ((Бнариф) – ҚҚС –Рөңдеу – Ш өңдеу)/Кқ

      мұнда:

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) www.stat.gov.kz ресми сайтында орналастырылатын "Бағалар және тарифтер" бөлімінің "Қазақстан Республикасындағы негізгі азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасы" статистикалық бюллетені бойынша ҚР ҰЭМ СК қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

      Ииф – инфляция деңгейі, алдыңғы жылға ресми статистикалық ақпарат;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);

      Ш өңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша анықталады:

      Нсуб = Бкеп.сат – Бсат

      мұнда:

      Нсуб – өнім бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім Комиссия төрағасының хаттамалық шешімімен бекітіледі.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындау үшін есептік көрсеткіш болып табылады.

      11. Басқарма субсидиялар нормативтерін әрбір субсидиялар нормативі бойынша негіздемелермен қоса, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қарауына береді. Министрліктің субсидиялар нормативтерін қарастыру мерзімі хат келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнін құрайды.

      Оң нәтиже кезінде Министрлік тиісті ілеспе хатпен субсидиялар нормативтерінің бір данасын кері қайтарады.

      Теріс нәтиже кезінде Министрлік қарастырудан уәжді бас тартылған хатпен субсидиялар нормативтерінің екі данасын да кері қайтарады. Бұл ретте, пысықталған субсидиялар нормативтері Министрлікке жеті жұмыс күні ішінде қайта қарауға жолданады.

      Субсидиялар нормативтері облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Субсидиялар нормативтеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      12. Басқарма жыл сайын тиісті жылдың бірінші наурызына дейін облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің веб-порталында және интернет-ресурсында субсидиялар алуға өтінімдер қабылдаудың мерзімдері туралы, белгіленген субсидиялар нормативтері туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.

      13. Басқарма субсидияға арналған жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесі веб-порталына орналастырады.

2-тарау. Субсидиялар алу талаптары

      14. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған кезде төленеді:

      1) өңдеуші кәсіпорындардың "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялауға өтінім беруі.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің субсидиялау жүйесінде тіркелуі.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы өңдеуші кәсіпорынға өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол тіркелген сәтінен бастап берілген болып есептеледі;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанының расталуы (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      4) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған өңдеуші кәсіпорынның субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      15. Субсидиялар мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      S = (V*Кқ)*Нсуб;

      мұнда:

      S – субсидиялар мөлшері, теңге;

      V – өндірілген өнімнің көлемі, килограмм;

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті;

      Нсуб – субсидиялар нормативі, теңге/килограмм.

      Егер, ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алынған көлемі (V*Кқ) осы Қағидалардың 14-тармағы 3) тармақшасына сәйкес расталған нақты сатып алынған көлемнен асып кетсе, онда субсидиялар сомасын есептеу үшін ауыл шаруашылығы өнімінің нақты сатып алынған көлемі пайдаланылады.

4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

      16. Өтінімдерді қабылдау өңдеуші кәсіпорынның тіркелген жері бойынша тиісті жылдың 1 наурызынан бастап 1 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.

      17. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі веб-порталы арқылы тізілім деректеріне (бұдан әрі – Жеке кабинет) қолжетімділік беру үшін:

      1) өңдеуші кәсіпорынның субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болуы тиіс;

      2) басқарма, Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жібереді.

      18. Жеке кабинетте тіркелу үшін өңдеуші кәсіпорындар мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) заңды тұлғалар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және бірінші басшының ЖСН-сы;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электронды почта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, өңдеуші кәсіпорын бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      19. Өтінімді қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің осы Қағидалардың 14-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өңдеуші кәсіпорын ЭЦҚ пайдалана отырып, оған қол қоюы арқылы тіркеледі және басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электронды хабарлама жолданады.

      Өңдеуші кәсіпорын Басқарма төлем тапсырмаларын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімдегі деректердің сәйкессіздігін анықтаса, өңдеуші кәсіпорынның қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

      20. Басқарма өтінім тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Аталған хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі өңдеуші кәсіпорынның Жеке кабинетінде өз бетінше тіркелген кезде қолжетімді болады.

      Өтінім берушіге субсидия беруден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Басқарма қаржыландыру жоспарына сәйкес осы Қағидалардың 20-тармағына сай өтінімнің қабылданғанын растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

      Субсидиялар көлемі тиісті айдағы қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттік қаражат көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

  Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау
қағидаларына 1-қосымша

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенттері

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

1

2

3

Сүт

Сары май

22,5

Сүт

Қатты ірімшік

12,0

Сүт

Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)

7,3

  Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

      Кімге: ______________________________________________________________ басқармасына

                  (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      Кімнен: _________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт* өндіру үшін _____ килограмм көлемінде ауыл

      шаруашылығы өнімдерін сатып алуға ________________________________ теңге мөлшерінде

                              (сома цифрмен және жазбаша) субсидия төлеуді сұраймын.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға және шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін:

      атауы __________________________________________________________________________

      БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі____________________________________

      мекенжайы: ________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________________________

      ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) ______________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________________________

      кім берді ________________________________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________________________

      мекенжайы:______________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ____________________________________________________________

      Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері __________________________________________________________________

      хабарламаның берілген күні ________________________________________________________

      2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейлі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы

      ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН (жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _____________________

      Кбе (бенефициар коды) ____________________________________________________________

      Банк немесе почта операторының деректемелері: ______________________________________

      Банктің немесе почта операторының aтауы: ___________________________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) __________________________________________________

      ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) ____________________________________________________

      БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________________________________________________

      Кбе (бенефициар коды) ____________________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі)

      растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер**:

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактураның берілген күні

Ауыл шаруашылығы өнімнің атауы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм

Бағасы, килограмына теңге

Құны, теңге

Сатушының атауы және ЖСН/БСН

1

2

3

4

5

6

7

8

























      Ескертпе:

      *Бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңдеу өнімдерінің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке-жеке беріледі.

      ** Әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бойынша мәліметтер жеке-жеке толтырылады.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "___" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Басқарма 20__ жылғы "___" ________ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭСҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қол қою күні және уақыты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады