"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 100 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 2198 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 312 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облыстық әкімдгінің 27.10.2016 № 312 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.
      2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Н.Манжуовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 100 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма), денсаулық сақтау саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқармаға егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
      пошталық индексі 080008, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: азаматтардың денсаулығын қорғау.
      15. Міндеттері:
      - Жамбыл облысы көлемінде тұрғындардың денсаулығын қорғау жұмысын басқаруды ұйымдастыру;
      - тұрғындардың алғашқы медициналық–санитариялық, төтенше және жедел жәрдемдік көмек, стационарлық, оңалту және сауықтыруға қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектесу;
      - ана мен балалар денсаулығын қорғау және нығайту шараларын, босануға көмек беру жұмыстарын ұйымдастыру;
      - облыстық денсаулық сақтау мекемелерін және кәсіпорындарын дәрі–дәрмектермен, медициналық жабдықтар және құралдармен, химиялық реактивтермен, диагностикалық және бактериялогиялық препараттармен, жаңа алынған қан және оның құрам бөліктерімен, шаруашылық жабдықтар және құралдармен, отынмен, азықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және қадағалау;
      - тұрғындарды дәрі–дәрмек, гигиена және санитария заттарымен және препараттарымен жабдықтауға көмек көрсету;
      - денсаулық сақтау аясында мамандар дайындау және медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру бойынша дипломнан кейінгі оқуға көмек көрсету, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметінде ғылыми және техниканың медициналық тұрғыдағы тәжірибе жетістіктерін пайдалану;
      - денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау;
      - медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру;
      - вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сақтау және тасымалдауды жүзеге асырады.
      16. Функциялары:
      - облыс Әкімінің алдында басқарманың мүдделерін ұсынады және қорғайды;
      - облыстағы денсаулық сақтау саласының стратегиялық жоспарын әзірлейді, облыс әкіміне тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі тиісті қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің жобаларын дайындайды;
      - бірлескен бюджеттің шеңберінде қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
      - денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізеді;
      - бюджет қаражатының мақсатты пайдалануына талдау жүргізеді;
      - ақылы қызметтер бойынша бағалар прейскуранттардың ережесін қарап бекітеді;
      - мемлекеттік ұйымға берілген мүліктің тиімді пайдалануына және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      - Қазақстан Республикасының Заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      құқықтары:
      - Жамбыл облысы әкімдігіне (әкіміне) облыс тұрғындарының денсаулығын нығайту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      - өз құзіреті шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға.
      - облыстың денсаулық қорғау ресурстарының тиімді бөлінуі мен пайдалануын қадағалау;
      - құны айлық есептік көрсеткіштен 1000 есе асатын мүліктерді есептен шығару;
      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастырып өткізеді;
      міндеттері:
      - міндеттемелер және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жинақталған қаржыландыру жоспарын жасау;
      - аналар мен балалар өліміне сараптамалық талдау жүргізеді, осы сапалылық көрсеткіштерді төмендету жөнінде шаралар қолданады;
      - бюджетті дер кезінде және сапалы орындау бойынша емдеу ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
      - бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес ішкі бақылауда жүзеге асырады;
      - денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" туралы Заңының талаптарының сақталуын қадағалау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бiрiншi басшысын Жамбыл облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарманың бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      - мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      - барлық органдарда Мекеме мүддесін қорғайды;
      - өз орынбасарының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
      - мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      - банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
      - барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      - мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      - қызметкерлерді марапаттау және шара қолдануды анықтайды;
      - мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді.
      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      23. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Басқарма мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебінен қалыптастырылады.
      24. Басқарма бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі

      1. "Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      2. Жамбыл облыстық "Ана мен баланы аялау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      3. "Жамбыл облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      4. "Жамбыл облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      5. "Жамбыл облыстық тері –венерологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      6. "Жамбыл облыстық наркологиялық диспансер" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      7. "Жамбыл облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      8. "Жамбыл облыстық балалар стоматологиялық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      9. "Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      10. "Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      11. "Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      12. "Жамбыл облыстық қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      13. "Жамбыл облыстық кардиологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      14. "№ 1 Қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      15. "№ 2 Қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      16. "№ 1 Қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      17. "Қалалық перинатальдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      18. "№ 1 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      19. "№ 2 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      20. "№ 3 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      21. "№ 4 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      22. "№ 5 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      23. "№ 6 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      24. "№ 7 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      25. "№ 9 қалалық емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      26. "Қордай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      27. "Талас аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      28. "Меркі аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      29. "Сарысу аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      30. "Мойынқұм аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      31. "Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      32. "Байзақ аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      33. "Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      34. "Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      35. "Шу аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      36. "Шу қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      37. "Шу қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны,
      38. "Жамбыл медициналық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      39. "Қалалық медициналық жедел жәрдем стансасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      40. "Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      41. "Арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      42. "Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      43. "Жамбыл облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      44. "Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      45. "Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасы" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      46. "Үміт" мамандандырылған бөбектер үйі" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      47. "Байзақ аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      48. "Жуалы аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      49. "Меркі аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      50. "Мойынқұм аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      51. "Қордай аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      52. "Сарысу аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      53."Талас аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      54. "Шу аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      55. "Т.Рысқұлов аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      56. "Жамбыл аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналық мемлекеттік мекемесі;
      57. "Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы" коммуналық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады