Жамбыл облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 қыркүйекте № 2315 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-Ө өкіміне сәйкес Жамбыл облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары бекітілсін.
      2. «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы шешімді Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
      4.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Облыс әкімі                                К.Көкрекбаев

Жамбыл облысы әкімінің
2014 жылғы «30» шілдедегі
№ 2 шешімімен бекітілген

Жамбыл облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы
өнiмдердi сату Қағидалары

      1. Осы Жамбыл облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Жамбыл облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды.
      2. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық iс-шаралар) заңнамалық ережелерді және инженерлік жүйелерді, техникалық құралдарды техникалық пайдалану қағидаларын, қоғамдық, өрт сөндіру, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін сақтаған жағдайда өткізіледі.
      3. Ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер бұқаралық iс-шараларды өткізу барысында тиісті мемлекеттік органдар және ұйымдармен келісілген орындарда көше (көшпелі) саудасын және стационарлық емес нысандарда (лотоктарда, дүңгіршектерде, шатырларда, автодүкендерде, ашық мини-кафелерде, аттракциондардың алаңдарында және басқаларда) қызмет көрсетуді ұйымдастыра алады, оның ішінде: салқындатқыш сусындар, балмұздақ, аспаздық өнімдер, сувенирлер, атрибутикалар және басқа да азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ұсақ бөлшек саудасын, қоғамдық тамақтандыру, аттракциондар, басқа қызметтерді көрсете алады.
      4. Ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер бұқаралық iс-шаралар орындарындағы сауда қызметін санитарлық ережелер мен талаптарға қатаң сәйкес ұйымдастыруы тиіс.
      5. Бұқаралық iс-шаралар өткізілетін жерлерде және оларға іргелес аумақтарда алкоголь өнімдері мен құрамында спирт бар сусындарды, сыраны кез-келген ыдыстарда, шыны ыдыстарға құйылған (салынған) салқындатқыш сусындар мен басқа өнімдерді сатуға жол берілмейді.
      6. Аталған аумақтарға бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында шыны ыдыстағы кез-келген сусындар (спирттік, алкоголі аз ішімдіктер, сыра, салқындатқыш және басқа) мен басқа өнімдерді әкелуге және ішуге тыйым салынады.
      7. Жамбыл облысы аумағында халық көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастырушылар:
      1) өткізілетін шараның сипатын, техикалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық-гигиеналық нормаларды есепке ала отырып, сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын орналастыру сызбасы болуын;
      2) сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету нысандары орналасқан жерлерде қоқыс жинау үшін контейнерлер, жәшіктер болуын және орналастыруды;
      3) қызмет көрсетуге қатысушыларға сауда қызметінің уақыты, жері және шарты туралы қажетті ақпаратты беруді;
      4) ішкі істер органдарымен бірлесе отырып:
      бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда сауда ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
      алкоголь өнімдері мен құрамында спирт бар сусындарды, сыраны кез-келген ыдыстарда, шыны ыдыстарға құйылған (салынған) салқындатқыш сусындар мен басқа өнімдерді сатуға тыйым салу;
      шыны ыдыстағы кез-келген сусындар (спирттік, алкоголі аз ішімдіктер, сыра, салқындатқыш және басқа) мен басқа өнімдерді алып өтуді және ішуді бақылау бойынша шараларды қарастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
      8. Бұқаралық, ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және өткізу барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша жауапкершілік ұйымдастырушыға жүктеледі.
      9. Жеке кәсіпкерлер мен сауда қызметін көрсететін кәсіпорын басшылары:
      1) азық-түлік өнімдерін тасымалдау және сату барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың, санитарлық заңнаманың, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі;
      2) сауда ұйымдастырылатын жерлерде қажетті заттардың, жабдықтардың, көшпелі сауда қызметі орнындағы жауапты тұлға туралы ақпараттың болуын қамтамасыз етуі;
      3) сауда орнынан қоқысты шығаруды қамтамасыз етуі;
      4) тамақты мангалда, ашық отта әзірлеген жағдайда техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқама жүргізуді, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және сатып алушылар қозғалысының легін отқа жолатпауды ескере отырып, қоршаудың болуын қамтамасыз етуі;
      5) нысандарды мерекелік, тақырыптық безендіруді қамтамасыз етуі тиіс.
      10. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидаларын бұзу – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгілеген жауапкершілікке әкеп соғады.

Об утверждении Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Жамбылской области

Решение акимата Жамбылской области от 30 июля 2014 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 5 сентября 2014 года № 2315

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 81-р «О мерах по реализации законов Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года «Об органах внутренних дел Республики Казахстан» и «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности органов внутренних дел» аким Жамбылской области РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Жамбылской области.
      2. Коммунальному государственному учреждению «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Жамбылской области» в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего решения его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области.
      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на первого заместителя акима области Б.Орынбекова.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      Аким области                               К. Кокрекбаев

Утверждены решением
акима Жамбылской области
от «30» июля 2014 года № 2

Правила
реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения
спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в
Жамбылской области

      1. Настоящие Правила реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Жамбылской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и определяют порядок реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Жамбылской области.
      2. Спортивно-массовые, зрелищные культурно-массовые мероприятия (далее – массовые мероприятия) проводятся при соблюдении законодательных норм и правил технической эксплуатации инженерных систем, технических средств, требований общественной, пожарной, санитарно-эпидемиологической, экологической безопасности, а также других нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      3. Организации и индивидуальные предприниматели во время проведения массовых мероприятий могут организовывать в согласованных с соответствующими государственными органами и организациями местах уличную (выездную) торговлю и предоставление услуг в нестационарных объектах (лотках, киосках, палатках, автолавках, открытых мини-кафе, площадках аттракционов и других), в том числе: мелкорозничную торговлю прохладительными напитками, мороженным, кулинарными изделиями, сувенирами, атрибутикой и другими продовольственными и непродовольственными товарами, оказывать услуги общественного питания, аттракционов, прочие услуги.
      4. Организациям и индивидуальным предпринимателям необходимо организовывать торговое обслуживание в местах массовых мероприятий в строгом соответствии с санитарными правилами и требованиями.
      5. В местах проведения массового мероприятия и на территориях, прилегающих к ним, не допускается реализация алкогольной продукции и спиртосодержащих напитков, пива в любой таре, прохладительных напитков и других продуктов, расфасованных в стеклянные тары.
      6. На указанные территории при проведении массовых мероприятий запрещается приносить и употреблять любые напитки (спиртные, слабоалкогольные, пиво, прохладительные и т.п.) и другую продукцию в стеклянной таре.
      7. Организаторам мероприятий с массовым пребыванием людей на территории Жамбылской области необходимо обеспечить:
      1) наличие схемы размещения объектов торговли, общественного питания и бытового обслуживания, с учетом характера проводимого мероприятия, правил техники безопасности, пожарной безопасности, санитарно-гигиенических норм;
      2) наличие и размещение в местах дислокации объектов торговли, общественного питания и бытового обслуживания контейнеров, урн для сбора мусора;
      3) предоставление необходимой информации о времени, месте и условиях торгового обслуживания участникам обслуживания;
      4) совместно с органами внутренних дел предусматривать меры по:
      обеспечению контроля за соблюдением правил торговли в местах проведения массовых мероприятий;
      запрету продажи алкогольной продукции и спиртосодержащих напитков, пива в любой таре, прохладительных напитков и других продуктов, расфасованных в стеклянные тары;
      контролю за пронос и употребление любых напитков (спиртные, слабоалкогольные, пиво, прохладительные и т.п.), другой продукции в стеклянной таре.
      8. При организации и проведении массового, зрелищного мероприятия ответственность за соблюдение техники безопасности возлагается на организатора.
      9. Индивидуальным предпринимателям и руководителям предприятий, осуществляющим торговое обслуживание необходимо:
      1) обеспечить соблюдение требований законодательства в сфере защиты прав потребителей, санитарного законодательства, правил техники безопасности, пожарной безопасности при транспортировке и реализации пищевой продукции;
      2) обеспечить наличие в местах организации торговли необходимого инвентаря, оборудования, информации об ответственном лице в месте выездного торгового обслуживания;
      3) обеспечить удаление мусора с места торговли;
      4) при приготовлении блюд на мангале, открытом огне обеспечить проведение инструктажа по технике безопасности, соблюдение мер пожарной безопасности и наличие ограждений, с учетом недопущения к огню потоков движения покупателей;
      5) обеспечить праздничное, тематическое оформление объектов.
      10. Нарушение Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий, влечет ответственность, установленную действующим законодательством Республики Казахстан.