Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу үшiн шарттық негізде үй-жайлар беру және барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу туралы

Күшін жойған

Байзақ аудандық әкімшілігінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 496 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қазанда № 2345 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 342 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 16.11.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, сайлау алдындағы үгiт жүргiзу науқанын өткiзу мақсатында Байзақ ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшiн шарттық негiзде 1 қосымшаға сәйкес үй – жайлар берiлсiн.

      2. Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісімі бойынша) бiрлесiп, барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн 2 қосымшаға сәйкес орындар белгiленсiн.

      3. Байзақ ауданы әкiмдiгiнiң мына қаулыларының күшi жойылды деп танылсын:

      2011 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Парламент Мәжiлiсiнің және мәслихат депутаттарының кандидаттарына сайлаушылармен кездесу үшiн үй-жайлар белгiлеу және үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" № 745 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылғы 14 желтоқсанда № 6-2-132 тiркелген, 2011 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетiнiң N 78 санында жарияланған);

      2013 жылғы 26 шiлдедегi "Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" № 468 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2013 жылғы 5 тамызда № 1986 болып тiркелген, 2013 жылғы 7 тамызда аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінің № 74 санында жарияланған).

      4. Аудан әкiмi аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттiк – құқықтық жұмыс бөлiмшесi (Қ.Исмаил) заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi

М. Шүкеев


      "КЕЛIСIЛДI":

      Байзақ аудандық аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      А. Төлепбергенов

      2014 жылғы "___"___________


Байзақ ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 12 қыркүйегіндегі
№ 496 қаулысына
1 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшiн шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елдi мекеннiң атауы

Кездесу өтетiн орын

1

Жақаш ауылы

Әйтiмбетов көшесi № 46, ауылдық клуб

2

Диқан ауылы

Күзенбай көшесi № 45, Ленин атындағы орта мектебiнiң акт залы

3

Бурыл ауылы

9 мамыр көшесi, Бурыл орта мектебiнiң мәжiлiс залы

4

Абай ауылы

Жамбыл көшесi № 4, ауылдық клуб

5

Сарыкемер ауылы

Байзақ батыр көшесi № 76, аудандық мәдениет үйi

6

Мәдiмар ауылы

Наржанов көшесi № 2, ауылдық клуб

7

Байзақ ауылы

Бәйдешов көшесi № 1, С.Абланов атындағы орта мектебiнiң акт залы

8

Көктал ауылы

Мұқанов көшесi № 10, мәдениет үйi

9

Жетiбай ауылы

Төле би көшесi № 84, ауылдық клуб

10

Қостөбе ауылы

Әулие ата көшесi № 56 д, ауылдық клуб

11

Талас ауылы

Туғанбаев көшесi № 3, Н.Гоголь атындағы орта мектебiнiң акт залы

12

Қызыл жұлдыз ауылы

Тортаев көшесi № 70, ауылдық клуб

13

Мырзатай ауылы

Жамансары көшесi № 4 ауылдық клуб

14

Диқан ауылы

9 май көшесi № 27, ауылдық клуб

15

Темiрбек ауылы

Школьная көшесi № 1, Чапаев орта мектебiнiң мәжiлiс залы

16

Түймекент ауылы

Қонаев көшесi № 78, мәдениет үйi

17

Үлгiлi ауылы

Жақыпбай көшесi № 126, ауылдық клуб

18

Жаңатұрмыс ауылы

Жаңатұрмыс орта мектебiнiң мәжiлiс залы

19

Кеңес ауылы

Кеңес орта мектебiнiң спорт залы



Байзақ ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 12 қыркүйегіндегі
№ 496 қаулысына
2 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

Елдi мекеннiң атауы

Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

1.

Жетiбай ауылы

Жамбыл көшесi № 10 және Төле би көшесi № 86 мекен - жайдағы тақталар

2.

Аққия ауылы

Өмiртай көшесi № 16 мекен - жайдағы тақта

3.

Жаңатұрмыс ауылы

Жаңатұрмыс орта мектебi аумағындағы тақта

4.

Ақшолақ ауылы

Ақшолақ орта мектебi аумағындағы тақта

5.

Көкбастау ауылы

Амангелдi атындағы орта мектебi аумағындағы тақта

6.

Мәдiмар ауылы

Сейдалиев көшесi № 5 мекен - жайдағы тақта

7.

Кеңес ауылы

Кеңес орта мектебi аумағындағы тақта

8.

Үлгiлi ауылы

Жақыпбай көшесi № 126 мекен-жайдағы тақта

9.

Түймекент ауылы

Нахманович көшесi № 4 мекен - жайдағы тақта

10.

Ақжар ауылы

Сейфуллин көшесi № 38 мекен - жайдағы тақта

11.

Тегiстiк ауылы

Школьная көшесi № 1 мекен - жайдағы тақта

12.

Сарыбарақ ауылы

Қарсақбаев көшесi № 27 мекен - жайдағы тақта

13.

Абай ауылы

Сармық көшесi № 41 мекен - жайдағы тақта

14.

Ақтөбе ауылы

Т.Рысқұлов көшесi № 27 мекен - жайдағы тақта

15.

Жаңасаз ауылы

Ақтерек көшесi № 10 мекен - жайдағы тақта

16.

Сарыкемер ауылы

Байзақ батыр көшесi № 76, Суханбаев көшесi № 257 және Смайлов көшесi № 1 мекен-жайлардағы тақталар

17.

Базарбай ауылы

Мулдиев көшесi № 18 а мекен - жайдағы тақта

18.

Қосақ ауылы

Центральная көшесi № 10 мекен - жайдағы тақта

19.

Мырзатай ауылы

Жамансары көшесi № 6 мекен - жайдағы тақта

20.

Диқан ауылы

9 мамыр көшесi № 27 мекен - жайдағы тақта

21.

Қызыл жұлдыз ауылы

С. Оңғарбаева атындағы алаңдағы тақта

22.

Қостөбе ауылы

Әулие ата көшесi № 42 мекен - жайдағы тақта

23.

Талас ауылы

Қ.Рысқұлбеков көшесi № 1 мекен - жайдағы тақта

24.

Талас станциясы

Барысхан көшесi № 54 мекен - жайдағы тақта

25.

Көктал ауылы

Ә.Молдағұлова көшесi № 11 а мекен -жайдағы тақта

26.

Байзақ ауылы

Байдешова көшесi № 4 мекен - жайдағы тақта

27.

Бурыл ауылы

Д.Қонаев көшесi № 45 мекен - жайдағы тақта

28.

Құмжота ауылы

Даңғыл ата көшесi № 39 мекен - жайдағы тақта

29.

Диқан ауылы

Күзенбай көшесi № 19 мекен - жайдағы тақта

30.

Жақаш ауылы

Әйтiмбетов көшесi № 44 мекен - жайдағы тақта

31.

Қарасу ауылы

Қосы батыр көшесi № 42 а мекен - жайдағы тақта

32.

Көкөзек ауылы

Абдуалиев көшесi № 46 мекен-жайдағы тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады