Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 304 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте № 2326 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Ғалымжан Әлімқұлұлы Шыршынбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Б. Рысмендиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Талас аудандық аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      А. Абдибекова

      "25" тамыз 2014 жыл

  Талас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 25 тамыздағы
№ 304 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Талас ауданының әкімдігінің 02.05.2019 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Қаратау қаласы

Қаратау қаласы, Т. Рысқұлов көшесі, орталық қалалық алаңның аумағындағы ақпараттық стенд

Әлия Молдағұлова және Александр Сергеевич Пушкин көшелерінің қиылысының аумағындағы ақпараттық стенд

Қаратау қаласы, Тамды Әулие көшесі, 11, "Авангард" кинотеатры аумағындағы ақпараттық стенд

2

Ақкөл ауылы

Ақкөл ауылы, С. Шәкіров көшесі, 21, орталық "Әмбебап" дүкенінің аумағындағы ақпараттық стенд

3

Аққұм ауылы

Аққұм ауылы, Д. Қонаев көшесі, 11, ауылдық клуб аумағындағы ақпараттық стенд

4

Бостандық ауылы

Бостандық ауылы, Абай көшесі, 5, мәдениет үйінің аумағындағы ақпараттық стенд

5

Майтөбе ауылы

Майтөбе ауылы, И. Көксалов көшесі, 2, ауылдық пошта ғимаратының жанында орналасқан стенд

6

Бөлтірік ауылы

Бөлтірік ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, 8, мәдениет үйінің аумағындағы ақпараттық стенд

7

Көктал ауылы

Тәуелсіздік көшесінде орналасқан ақпараттық стенд

8

Қызыләуіт ауылы

Мәдениет үйінің аумағындағы ақпараттық стенд

9

Есейхан ауылы

Есейхан ауылы, А. Омарұлы көшесі, 7, мәдениет үйінің аумағындағы ақпараттық стенд

10

Қасқабұлақ ауылы

Қасқабұлақ ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 4, ауылдық клуб аумағындағы ақпараттық стенд

11

Ойық ауылы

Ойық ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, 52, А. Тәжімбетов атындағы мәдениет үйінің аумағындағы ақпараттық стенд

12

Тамды ауылы

Тамды ауылы, Ш. Әбілдаев көшесі, 3, ауылдық клуб аумағындағы ақпараттық стенд

13

Үшарал ауылы

Үшарал ауылы, Ә. Сағынтаев көшесі, 5, мәдениет үйінің аумағындағы ақпараттық стенд

14

С. Шәкіров ауылы

С. Шәкіров ауылы, О. Жылымбетов көшесі, 26, ауылдық клуб аумағындағы ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады