2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсiпорындарының, ұйымдарының, мекемелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 01/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қаңтарда № 2525 болып тіркелді. Қаулының қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды - (Қарағанды қаласы әкімі аппаратының 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 1-12/154 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды - (Қарағанды қаласы әкімі аппаратының 19.01.2015 № 1-12/154 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне сәйкес Қарағанды қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берілген 2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсiпорындарының, ұйымдарының, мекемелерiнiң тiзбесi, жұмыс түрлерi мен көлемдерi, қаржыландыру көзi мен қатысу мерзiмi бекiтiлсiн.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына екi ең төменгi жалақы мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      3. Уәкiлеттi орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Ысқақов Ж.Б.) жұмыс берушiлермен қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгiлік шарттар жасасын.
      4. "2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 14/151 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда № 2081 тіркелген, "Орталық Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 3 (21428), "Индустриальная Караганда" газетінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 2 (21335) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкiмiнiң орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсiн.
      6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгiзiледi және 2014 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Қарағанды қаласының әкімі                  М. Смағұлов

Қарағанды қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қаңтардағы
№ 01/04 қаулысына
қосымша

2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды қаласы әкімдігінің 29.10.2014 № 48/52 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

№ р/с

Ұйымдардың атауы

Адам саны

Жұмыс түрлері

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру көлемі

Қатысу мерзімі, ай

Орындалатын жұмыс көлемі

Қоғамдық жұмыстардың жағдайлары

1

«Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

5

Қаланы көркейту және көгалдандыру

Қарағанды қаласының бюджеті

439900

2

400-500 шаршы метр

13-00 бастап 14-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 8-00 бастап 17-00 дейін, аптасына 5 күн

2

«Қалалық жарық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

5

Қаланы көркейту және көгалдандыру

Қарағанды қаласының бюджеті

439900

2

400-500 шаршы метр

12-00 бастап 13-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 8-00 бастап 17-00 дейін, аптасына 5 күн

3

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

6

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

527880

2

күніне 5-6 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

4

«Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

12

Қаланы көркейту және көгалдандыру

Қарағанды қаласының бюджеті

1055760

2

600-700 шаршы метр

12-00 бастап 13-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 8-00 бастап 17-30 дейін, аптасына 5 күн

5

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

12

Қаланы көркейту және көгалдандыру

Қарағанды қаласының бюджеті

1055760

2

600-700 шаршы метр

12-00 бастап 13-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 8-00 бастап 17-30 дейін, аптасына 5 күн

6

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

16

Тұрғындармен жұмыс, көлік құралдарын, мүлікке салық төлеу бойынша түбіртектерін және хабарламаларын жеткізуге көмек

Қарағанды қаласының бюджеті

1407680

2

күніне 10-15 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

7

«Қарағанды қаласының Октябрь ауданының салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

16

Тұрғындармен жұмыс, көлік құралдарын, мүлікке салық төлеу бойынша түбіртектерін және хабарламаларын жеткізуге көмек

Қарағанды қаласының бюджеті

1407680

2

күніне 10-15 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

8

«Шахтер» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

5

Қаланы көркейту және көгалдандыру

Қарағанды қаласының бюджеті

439900

2

400-500 шаршы метр

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

9

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі

17

Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша халықпен жұмыс, шақыру қағазын жеткізуге көмек

Қарағанды қаласының бюджеті

1495660

2

күніне 10-15 құжат

13-00 бастап 14-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, аптасына 5 күн

10

«Қарағанды қаласының Октябрь ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі

17

Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша халықпен жұмыс, шақыру қағазын жеткізуге көмек

Қарағанды қаласының бюджеті

1495660

2

күніне 10-15 құжат

13-00 бастап 14-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, аптасына 5 күн

11

«Қарағанды облысының Әділет департаменті» мемлекеттік мекемесі

50

Әділет органдарында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыс, жылжымайтын мүлік тіркелімінің электрондық мұрағатын қалыптастыру бойынша жұмыстарды орындауға көмек

Қарағанды қаласының бюджеті

4399000

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

12

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

28

Аула аралау, әлеуметтік картаны нақтылау, тексеру актілерін құру, аудан бойынша жалғыз тұратын қарт азаматтарды анықтау

Қарағанды қаласының бюджеті

2463440

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, аптасына 5 күн

13

«Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

28

Аула аралау, әлеуметтік картаны нақтылау, тексеру актілерін құру, аудан бойынша жалғыз тұратын қарт азаматтарды анықтау

Қарағанды қаласының бюджеті

2463440

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, аптасына 5 күн

14

«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі

17

Жұмыссыздықтың өсуін болдырмау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру бойынша құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

1495660

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

15

«Қарағанды қалалық мәслихаты» мемлекеттік мекемесі

11

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

967780

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, аптасына 5 күн

16

«Қарағанды қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі

11

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

967780

2

күніне 6-10 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

17

«Қарағанды облысының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

14

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

1231720

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

18

«Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі

5

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

439900

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

19

«Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі

11

Мұрағат құжаттарын өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

967780

2

күніне 9-10 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

20

«Қарағанды қаласы Октябрь ауданының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі

6

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

527880

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

21

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі

6

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

527880

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

22

«Көркейту» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3

Қаланы көркейту және көгалдандыру

Қарағанды қаласының бюджеті

322140

2

500-600 шаршы метр

12-00 бастап 13-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 8-00 бастап 17-00 дейін, аптасына 5 күн

23

«Қарағанды коммуналдық шаруашылық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

12

Қаланы көркейту және көгалдандыру

Қарағанды қаласының бюджеті

1055760

2

500-600 шаршы метр

12-00 бастап 13-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 8-00 бастап 17-00 дейін, аптасына 5 күн

24

«Қарағанды көлік прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі

5

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

439900

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

25

«Қарағанды облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

5

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

439900

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, аптасына 5 күн

26

«Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі

11

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

967780

2

күніне 5-9 құжат

12-30 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 19-00 дейін, аптасына 5 күн

27

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және қөші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республиқалықмемлекеттік мекемесі

5

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

439900

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, аптасына 5 күн

28

«Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

5

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

439900

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

29

«Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі

5

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

439900

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-30 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-30 дейін, аптасына 5 күн

30

«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

11

Құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

967780

2

күніне 5-9 құжат

13-00 бастап 14-00 сағатқа дейінгі түскі ас үзілісімен сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, аптасына 5 күн


Барлығы:

360



31731000




      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары:
      Еңбекақы төлемі, жұмыссыздардың дербес шоттарына есептеу жолымен, жұмыс уақытын есептеу табелінде бейнеленген орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты нақты атқарылған уақыт бойынша жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік, арнайы киіммен, құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету, әлеуметтік есептеулер, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны төлеу, жарақат алумен немесе денсаулығына басқа да зақымданумен келтірілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      Жеке санаттағы жұмыскерлер үшін (кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған тұлғалар) қоғамдық жұмыстар жағдайлары сәйкес санат бойынша еңбек жағдайларының ерекшеліктері есебімен айқындалады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында бекітілген еңбек шарттарымен қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады