Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 26/05 "Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 45/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 желтоқсанда № 2836 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы N 18/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 12.05.2016 N 18/02 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабын басшылыққа ала отырып, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 26/05 "Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2683 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдедегі № 76-77 (12183) "Балқаш өңірі", № 75-76 (1254) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      орыс тіліндегі 2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Признать утратившим силу постановление акимата города Балхаш от 11 апреля 2013 года №13/04 "О дополнительном перечне целевых групп" (регистрационный номер в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2321, опубликован в газетах "Балқаш өңірі" №50 (12013) и "Северное Прибалхашье" №49 (1086) от 15 мая 2013 года).".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Балқаш қаласының әкімі
А. Райымбеков

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады