Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының № 792/3 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының V шақырылған XXVIII сессиясының 2014 жылғы 9 шілдедегі N 1047/28 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 шілдеде № 2698 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының № 792/3 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-8-112 тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымдағы "Шахтинский вестник" газетінде № 22 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 15-тармағы алынып тасталсын;
      2) Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 16-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "16. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысымен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Ж. Мамерханова

      Мәслихат хатшысы                           Ә. Сатова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады