Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 ақпанда № 2546 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 20.11.2014 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қарқаралы ауданы әкімінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 "2013 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы" шешімі (2013 жылдың 5 қаңтарында № 1-2 (11123) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) жойылсын.
      Ескерту. Қарқаралы ауданы әкімінің 26.12.2012 № 2 шешімі РҚАО-ға түскен жоқ.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          С.Р. Акимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады