Қасқырлар мен шибөрілерге қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы әкімінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 қаңтарда № 4832 болып тіркелді.

      "Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аңшылар мен аңға шығушыларды материалдық ынталандыру мақсатында:

      1) әрбір олжаланған ересек қасқырға (терісінің құнынсыз) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) әрбір олжаланған бөлтірікке (терісінің құнынсыз) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіштің 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;

      3) әрбір олжаланған шибөріге (терісінің құнынсыз) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіштің 50 (елу) пайызы мөлшерінде сыйақы көзделсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысының әкімінің 29.09.2017 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      1) экобиологиялық тепе-теңдікті сақтауды ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қасқырларды және шибөрілерді атуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын;

      2) осы шешімнен туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады