Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 18/276 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 қыркүйекте № 2489 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/446 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.08.2020 № 37/446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2019 № 32/388 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2019 № 32/388 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағалық етуші, облыстық
      мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Р.Ф. Бектубаев

      30 шілде 2014 жыл

      "Маңғыстау облысының экономика

      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ж.Ұ. Ұланова

      30 шілде 2014 жыл Ор

  Маңғыстау
облыстық мәслихатының
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 18/276 шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін дәрілік заттар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 14.10.2016 № 5/60 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді- Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2019 № 32/388 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аурулардың түрлері

Дәрі-дәрмектердің атаулары

1

Мультифокалдық, краниалдық дистония

Ботулотоксин, 500 ӘТБ

2

Иммундық тромбоцитопения

Элтромбопаг, 50 мг

3

Алынып тасталды- Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2019 № 32/388 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4
 

Іштен туа біткен жүрек ақауы, жоғары өкпе гипертензиясы

Силденафил, 100 мг

Силденафил, 25 мг

5

Қосалқы гипогонадизм

Гонадотропин хорионикалық, 100 ХБ

6

Психикалық ауру

Миртазапин, 30 мг таблетка

7

Ювенилдік артрит

Тоцилизумаб, 80 мг/4 мл

8

Глюкоза мен галактозаға төзе алмаушылықтың панкреатиттік формасы

Панкреатин, шағын микросферадан тұратын ішекте еритін қабықтағы капсула 150 мг

9

Өкпе артериялық ипертензиясы

Бозентан, 125 мг таблетка

10

Тромбофилия

Эноксапраин натрий, 0,3 ХБ құты-шприц

Надропарин кальций, 0,4 ХБ құты-шприц

11

Көптеген миелома

Леналидомид, 25 мг капсула

12

Идиопатиялық миелофиброз

Руксолитиниб, 15 мг таблетка

13

Жүйелі қызыл жегі

Ритуксимаб, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді 500 мг

14

Іш қуысы нейробластомасы

Изотретиноин (13-цисретин қышқылы),



20 мг таблетка

15

Алынып тасталды- Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2019 № 32/388 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

16

Онкологиялық аурулар

Палбоциклиб, капсула

17

Буллезды эпидермолиз

Таңғыш 10 см*20 см; майлық 10 см *20 см; бекіткіш, созылғыш таңғыштар 4 м*4 см; 4 м*10 см; 4 м*12 см; өздігінен бекітілетін таңғыш 8 см*20 м; созылғыш түтік тәрізді таңғыш 25 м; мақталы, ерекше жұмсақ, стерильді емес таңғыш 3 м*10 см; ылғалды гигиеналық майлықтар 200 мм*300 мм; мырыш қосылған қорғаныш кремі; қорғағыш спрей-майы; қорғаныш әсері бар көбік (протектор); жуынатын лосьон; тазартқыш көбік; ваннаға арналған көбік; жұмсақ силиконды жабынмен жараға жабуға арналған Safetac пластырь 10 см*18 см; икемді сіңіргіш жұқа төсеме 15 см*15 см; 20 см*50 см; жұмсақ силиконды жабынды пластырь 4 см*1,5 м; бетіне жақпамай "Левомеколь" жағылған тазартылған таңғыш 10 см*10 см; арнайы тамақтану; октенидол, зарарсыздандыратын ерітінді; стерильді жақпамайлы таңғыш 10 см*20 см; жақпамайлы фармацевтикалық препараттар қосылмаған таңғыш 10 см*20 см; октенидин дигидрохлориді, зарарсыздандыратын ерітінді; құрамында цинк оксиді бар гипоаллергенді крем; құрамында күміс сульфотиазолы бар крем; декспантенол 5% крем; декспантенол 5% жақпамай; қышуды азайтатын, денеге арналған, липид қосылған бальзам.

      Ескерту:

      аббревиатураларды ажыратып жазу:

      ӘТБ – әсер ету бірлігі;

      ХБ – халықаралық бірлік;

      мг – миллиграмм;

      мл – миллилитр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады