"Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов селолық округін құру туралы" облыс әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 266 қаулысына және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/304 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 187 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 18/281 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 қыркүйекте № 2490 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихатының және Түпқараған ауданы әкімдігінің ұсынысын қарап, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов селолық округін құру туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 266 қаулысынажәне облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/304 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2076 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2010 жылғы 25 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулы мен шешімнің 1-тармағындағы мәтіндегі мемлекеттік тілдегі «(село)» деген сөз, орыс тіліндегі «ауыл» деген сөз алынып тасталсын.
      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                              А. Айдарбаев

      Төрағалық етуші,облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады