Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 05 тамыздағы № 193 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте № 2493 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 11.02.2016 № 29 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының қаржы
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      М.Б. Әлібекова
      05 тамыз 2014 ж.
 
 

 
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 05 тамыз № 193
қаулысымен бекітілген
 
 

Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезіндежалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары
 

№ р/т

Базалық мөлшерлемелер

Әкімшілік-аумақтық бірлік

Базалық мөлшерлеменің мөлшері

1

Ақтау және Жаңаөзен қалалары

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш

2

аудандар

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,3 айлық есептік көрсеткіш


№ р/т

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):

1.1

кеңселік

1

1.2

өндірістік

0,8

1.3

қойма, гараж, қазандық

0,6

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент(Кк):

2.1

жеке тұрған құрылыс

1,5

2.2

жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

1

2.3

астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4

жертөле бөлігі, шатыр

0,6

3

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ктр):

3.1

Ақтау қаласы үшін

1,5

3.2

Жаңаөзен қаласы үшін

1,2

3.3

аудандық орталықтар үшін

1

3.4

кент, ауыл

0,7

4

Орналасқан орнын ескеретін коэффициент (Кмр):

4.1

орталық көшеге қасбетімен

1,2

4.2

шағын аудандар(көшелер) ішінде

1,1

4.3

өнеркәсіптік аймақта

1

5

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):

5.1

қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және қайырымдылық ұйымдар

0,5

5.2

білім беру қызметі

1

5.3

өндірістік қызмет

1,2

5.4

сауда ұйымдастыру, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметі үшін

2

5.5

денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін

5.5.1

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында

4

5.5.2

аудан орталықтарында, кентте, ауылда

2

5.6

тамақтандыруды ұйымдастыру үшін:

5.6.1

жалпы білім беру мектептерінде, арнайы орта оқу орындарында және мемлекеттік емдеу ұйымдарында

1

5.6.2

басқа да мемлекеттік ұйымдарда

1,5

5.7

пошталық қызметі саласында қызмет көрсету үшін

1

5.8

жинақтаушы-зейнетақы қорлары және телефон байланысы бөлімдері

1,5

5.9

банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары

4

5.10

екінші деңгейдегі банктердің банкоматтары, төлем қабылдау терминалдары, алкогольсіз сусындар сату бойынша аппараттар

6

5.11

ауылшаруашылық секторының дамуын қолдау

1,2

5.12

мұнайгаз саласында қызмет көрсету

6

5.13

облыс орталығындағы өзге де қызмет түрлері үшін

4

5.14

қала, аудан орталығы және ауылдағы өзге де қызмет түрлері үшін

1,2

6

төмендету коэффициенті (Пк):

6.1.

коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттері (қатысу үлесімен) бар акционерлік қоғамдары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері үшін

0,5


      Ескерту:
      1. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдың жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х Sх Кт х Кк х Ктр х Кмр х Квд х Пк
      мұнда:
      Ап – коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерінің жылына жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс – 1 шаршы метр үшін жылына жалдау ақысының базалық ставкасы, теңге;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт – құрылыс типін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Ктр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Кмр – орналасу орнын ескеретін коэффициент;
      Квд – Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Пк – төмендету коэффициенті.
      2. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде мүліктік жалдау мөлшерлемесі 1 шаршы метрге сағатына төлеу мөлшерлемесі айына жұмыс күндерінің және тәуліктегі жұмыс сағаттарының санына мүліктік жалдау бойынша ай сайынғы төлем мөлшерлемесін математикалық бөлу жолымен анықталады.
      Апч = Ап/22/8 х Фд х Фч,
      мұнда:
      Апч –сағатына жалға алу ақысының мөлшерлемесі;
      Ап – 1 шаршы метр үшінай сайынғы жалдау ақысының, теңге;
      22 – айына жұмыс күндерінің саны;
      8 – күніне жұмыс сағаттарының саны;
      Фд - нақты жұмыс істеген күндер;
      Фч – нақты жұмыс істеген сағаттар.
      1 шаршы метрге мүліктік жалдау бойынша жалға алу ақысының мөлшерлемесі өтініш берушінің мүліктің баланс ұстаушысымен келісілген жұмыс кестесін ұсынуына сәйкес, мүлік толық емес күнге жалға берілген жағдайларда қолданылады.
      Білім беру ұйымдарындағыүй жайларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсынылған жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебі оқу жылына жүргізіледі (тиісті жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 мамыры аралығында).
      3. Жабдықтар мен автокөлік құралдарын және тұтынылмайтын басқа да заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде, жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Namх Опф/100 х Пк
      мұнда:
      Ап – жабдықтар мен көлік құралдары және тұтынылмайтын басқа да заттар үшін жылына жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтар мен көлік құралдарын және тұтынылмайтын басқа да заттар мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде, қалдық құнына бастапқы (қалпына келтіру) құнының 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam – «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Опф – Жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны:
      акционерлік қоғамдар үшін – 1,2;
      сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде.
      Пк – төмендету коэффициенті:
      жабдықтар, көлік құралдары және тұтынылмайтын басқа да заттар алпыс пайыздан аса тозу кезінде - 0,8 мөлшерінде;
      коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттері (қатысу үлесімен) бар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері үшін – 0,5.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады