Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 01 «2014 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 02 желтоқсанда № 984 қаулысы. Маңғыстау облысы әділет департаментінде 2014 жылғы 249 желтоқсанда № 2562 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 01 «2014 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2351 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 қаңтардағы «Жаңаөзен» газетінің №1 (1656) санында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 5 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
      Қаулының қазақ тіліндегі мәтіннің 5 тармағына өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      көрсетілген қаулымен бекітілген «2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс» қосымшада:
      реттік нөмірі 79 жол жаңа редакцияда жазылсын:
 

«

79

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жаңаөзен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі

Шабарман

Айына 150 дейін құжаттарды жеткізу

Ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшері

Жергілікті бюджет

5

5

        ».
      2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары И. Сағынбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 



      Қала әкімі С.                           Трұмов


 
      КЕЛІСІЛДІ:
      «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б.Э.Маркашова
      02 желтоқсан 2014 ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады