Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/145 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 19/204 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 шілдеде № 2476 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 29.06.2015 № 27/285 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/145 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2347 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 қантарда жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
      9 тармақта:
      1) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
      «1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;
      3) тармақша келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге.»;
      4) тармақшаның екінші абзацындағы «6 (алты) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын және келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;
      5) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
      «5) 6 қазан – Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күні:
      «бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;
      9 тармақ келесідей мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:
      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
      8) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:
      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
      9) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:
      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;
      13 тармақ алынып тасталсын;
      15 тармақтың екінші абзацында «бала кезінен мүгедектер» деген сөздерден кейін «, мүгедек студенттер;» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).
      3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         М.Аманиязова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                 А. Мееров
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Қарақия аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Рысбаев Қайрат Ерсұлтанұлы
      10 маусым 2014 жыл
 
 

      «Қарақия аудандық экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Әбдіхалықова Әлия Жұмабайқызы
      10 маусым 2014 жыл
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады