Мұнайлы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 қыркүйектегі № 280-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет Департаментінде 2014 жылғы 08 қазанда № 2510 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 98-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 27.05.2019 № 98-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 19.10.2016 № 228-қ қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мұнайлы ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру туралы" аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 140-қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2262 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2013 жылғы 6 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) "Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 141-қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2263 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2013 жылғы 26 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Б.Біләлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Біләловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы Н. Тәжібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұнайлы аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      М. Шалқаров

      03 қыркүйек 2014 жыл

  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 03 қыркүйек
№ 280-қ қаулысына
1-қосымша

Мұнайлы ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Ауыл және ауылдық округтің атауы

Кездесу өткізілетін үй-жай

Маңғыстау ауылы

№ 1 орта мектептің акт залы

Қызылтөбе ауылдық округі

Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйі

Баянды ауылы

№ 3 орта мектептің акт залы

Дәулет ауылдық округі

№ 4 орта мектептің акт залы

Атамекен ауылдық округі

№ 7 орта мектептің акт залы

Басқұдық ауылдық округі

№ 9 орта мектептің акт залы

Батыр ауылдық округі

№ 10 орта мектептің акт залы

  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 03 қыркүйек
№ 280-қ қаулысына
2-қосымша

Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Ауыл және ауылдық округтің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Маңғыстау ауылы

1) "Маңғыстау" темір жол вокзалы аумағында ақпараттық стенд
2) Қоғамдық ұйымдар ғимараты аумағындағы ақпараттық стенд

Қызылтөбе ауылдық округі

"Қазпошта" акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалы Қызылтөбе ауылдық округіндегі бөлімшесінің аумағындағы ақпараттық стенд

Баянды ауылы

№3 орта мектептің аумағындағы ақпараттық стенд

Басқұдық ауылдық округі

Басқұдық ауылдық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд

Атамекен ауылдық округі

Атамекен ауылдық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд

Дәулет ауылдық округі

Дәулет ауылдық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд

Батыр ауылдық округі

Батыр ауылдық округіндегі фельдшерлік акушерлік пунктінің аумағындағы ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады