Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 7 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 наурызда № 4466 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 27.01.2016 № 28 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы әкімі аппаратының
      басшысы
      __________ А. Әбенов
 

Әкімдіктің        
2014 жылғы 23 қаңтардағы 
№ 7 қаулысымен       
бекітілген        

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қадиғалары

1. Жалпы ережелері

      1. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қадиғалары (бұдан әрі – Қағида ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығына сәйкес әзірленген.
      2. Қағиданың іс-әрекеті Қостанай облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне (бұдан әрі- мемлекеттік қызметшілер) таратылады.
      Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексімен (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) және Қағидамен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.

2. Мемлекеттік қызметші мінез-құлқының қағидаттары

      3. Мемлекеттік қызметші:
      1) қызметтік міндеттерін Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, жалпы қабылданған моральдық және ар-ұждандық қағидаттарға сәйкес жауапты және адал атқарады, Ар-намыс кодексі мен Қағиданың нормаларын бұлжытпай сақтайды;
      2) мемлекеттік биліктің беделін, мемлекет институттарына азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын сақтайды, мемлекеттің мүддесін қорғайды;
      3) өзіне талап қойғыш, принципті, объективті, сондай-ақ кез келген сыбайлас жемқорлыққа және басқа да құқыққа қарама-қайшы іс-әрекеттердің туындауына төзбейді;
      4) жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың, олардың өкілеттіктері шегінде, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың шеңберінде берілген тапсырмаларды уақытылы, сапалы орындайды;
      5) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер береді;
      6) өндірістік еңбек үшін жұмыс уақытын тиімді пайдаланады және мемлекеттік қызметшінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер туғызатын кез келген жағдайды хабарлайды;
      7) мемлекеттік қызметшілердің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекетті жасамайды;
      8) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлқы фактілеріне жол бермейді;
      9) мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей пікірсайысты әдепті түрде жүргізеді;
      10) мемлекеттік қызметті алушыларға сапалы, уақытылы, тиімді қызмет көрсету жөнінде шаралар қолданады;
      11) еңбек қатынастарын толығымен тоқтатқан кезде өзіне олардың көшірмелерін қалдырмай барлық құжаттамаларды, ақпараттарды береді;
      12) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің тек іскерлік қалпын ұстанады.
      4. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын ұстанады.

Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета

Постановление акимата Костанайской области от 23 января 2014 года № 7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 3 марта 2014 года № 4466. Утратило силу постановлением акимата Костанайской области от 27 января 2016 года № 28

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Костанайской области от 27.01.2016 № 28 (вводится в действие со дня подписания).

      В соответствии с пунктом 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 651 "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 "О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан" акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила служебной этики государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Костанайской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                               Н. Садуакасов

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель аппарата акима
      Костанайской области
      ______________ А. Абенов
 
 

Утверждены        
постановлением акимата  
от 23 января 2014 года  
№ 7            

Правила служебной этики государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета

1. Общие положения

      1. Правила служебной этики государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета (далее - Правила), разработаны в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 651 "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 "О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан".
      2. Действие Правил распространяется на государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета Костанайской области (далее - государственные служащие).
      Государственный служащий в течение трех дней после поступления на государственную службу должен быть ознакомлен с Кодексом чести государственных служащих Республики Казахстан, утвержденых Указом Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 (далее – Кодекс чести), и Правилами в письменной форме.

2. Принципы поведения государственного служащего

      3. Государственный служащий:
      1) ответственно и добросовестно выполняет служебные обязанности в соответствии с Конституцией, законами, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, общепринятыми принципами морали и совести, неукоснительно соблюдает нормы Кодекса чести и Правил;
      2) содействует укреплению авторитета государственной власти, доверия граждан к институтам государства, соблюдает права граждан Республики Казахстан, защищает интересы государства;
      3) требователен к себе, принципиален, объективен, а также нетерпим к любым проявлениям коррупции и другим противоправным действиям;
      4) своевременно, качественно выполняет поручения вышестоящих органов и должностных лиц, изданные в пределах их полномочий, а также в рамках действующего законодательства;
      5) в процессе исполнения поручений руководителей предоставляет только объективные и достоверные сведения;
      6) эффективно использует рабочее время для производительного труда и информирует о любой ситуации, представляющей угрозу здоровью и безопасности государственных служащих;
      7) не совершает действия, дискредитирующие государственного служащего;
      8) не допускает по отношению к подчиненным работникам необоснованных обвинений, фактов грубости, унижения человеческого достоинства, бестактности, некорректного поведения.
      9) ведет дискуссии в корректной форме, не подрывая авторитета государственной службы;
      10) принимает меры по качественному, своевременному, эффективному обслуживанию получателей государственных услуг;
      11) при прекращении трудовых отношений в полном объеме передает всю документацию, информацию, не оставляя себе их копий;
      12) в период выполнения своих должностных обязанностей придерживается только делового стиля одежды.
      4. Государственные служащие во внеслужебное время придерживаются основных стандартов поведения государственных служащих, установленных действующим законодательством Республики Казахстан.