Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 259 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 4651 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 392 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 07.04.2015 № 392 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес және аудандар мен қалалар әкімдіктерінің ұсыныстарын қарастыра отырып, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы бекітілсін.
      2. Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынылсын:
      тұрғын үй құрылысын жобалау кезінде иттерді серуендетуге арналған алаңдар орналастыруды қарастыру ескерілсін;
      тиісті елді мекендер аумақтарында иттер мен мысықтарды асырауға арналған арнайы паналарды ұйымдастыру жөнінде шаралар қолданылсын;
      тұрғындар арасында ветеринариялық мекемелерде өз иттері мен мысықтарын уақытылы вакцинациялауды және есепке алуды насихаттау, иелерінің өз иттері мен мысықтарынан бас тартуының алдын-алу және олардың санын реттеу жөнінде шаралар қолданылсын.
      3. Пәтерлер иелері кооперативтеріне ұсынылсын:
      азаматтарды таныстыру үшін тиісті аумақтарда орналасқан хабарландыру тақталарына қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мекенжайы мен телефондары орналастырылсын;
      қажет болған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органдарға иттерді серуендетуге арналған алаңдарды орналастыруға және осы мақсаттар үшін жер учаскелерін бөлуге орындар белгілеу үшін тапсырыс берілсін;
      иттерді серуендетуге арналған алаң санитарлық жағдайда ұсталсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Т. Булгацевич

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысының әкімі
      _______________ Н. Садуақасов

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау комитетiнiң
      Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттiк мекемесi басшысы
      ________________ Т. Иманбаев

      "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттiгiнiң Қостанай
      облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаментi" республикалық мемлекеттік
      мекеме басшысының міндетін атқарушы
      _________________ С. Байменова

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер
      Министрлігі Қостанай облысының
      ішкі істер Департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Т. Маткенов

Облыстық мәслихаттың    
2014 жылғы 14 наурыздағы  
№ 259 шешімімен бекітілген 

Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер
мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер
мен мысықтарды аулау және жою
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына (бұдан әрі – "Ветеринария туралы" Заң) сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағида Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін белгілейді.
      3. Осы Қағида иттер мен мысықтарды асырайтын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – иелері) (адамдарды құтқару жөніндегі, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты атқаратын қызметтік иттер ұстайтын мемлекеттік кәсіпорындардан (ұйымдар, мекемелер) басқа), сондай-ақ иттер мен мысықтарды серуендетіп жүретін адамдарға таратылады.
      4. Осы Қағиданы бұзу Кодекстің 311-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

2. Иттер мен мысықтарды асырау

      5. Иттерді және мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарында (кіреберістерде, жертөле қабаттарында, шатыр астыларында, баспалдақ алаңдарында), сондай-ақ осындай үйлердің жанындағы аумақтарда асырауға жол берілмейді.
      6. Жеке тұрғын үйлер, жеке құрылыстар аумақтарында иттердің қашып кетуін, адамдарға және жануарларға шабуыл жасауын болдырмайтын жағдайларда иттерді оқшау аумақта және (немесе) байлап ұстайды. Егер аумақты ит күзететін болса, иттің аумақта бар екендігі аумаққа кіре берістегі қақпада ескерту тақтайшасымен хабарланады.
      7. Иттер мен мысықтарды асыраған кезде иелері:
      1) өз иттері мен мысықтарына олардың биологиялық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес мейіріммен қарауды және жағдай жасауды қамтамасыз етеді, оның ішінде иттер мен мысықтардың азыққа, сондай-ақ суға, ұйқыға, қозғалысқа, табиғи белсенділігін ескеріп, қажеттіліктерін қанағаттандырады.
      2) өз иттерінің оларды асырап отырған орыннан өз еркімен шығып кетуіне жол бермеу жөніндегі шараларды қолданады.
      3) бірнеше иттердің, мысықтардың кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған жағдайлары туралы немесе олардың әдеттен тыс мінез көрсетуі туралы ветеринариялық мамандарға хабарлайды және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген иттер мен мысықтарды оқшаулап асырау жөнінде шаралар қолданады.
      8. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін иттер мен мысықтарды алып қою және жою "Ветеринария туралы" Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Иттер мен мысықтарды серуендету

      9. Иттері мен (немесе) мысықтарын серуендетіп жүрген иелері, сондай-ақ тұлғалар қоғамдық орындарды ластаған жағдайда өз иттері мен (немесе) мысықтарының тіршілік әрекеті өнімдерін (қағаз немесе полиэтилен пакеттерге) тез арада жинастырады.
      10. Иттерін серуендету кезінде иелері, сондай-ақ иттерді серуендетіп жүрген адамдар:
      1) иттерді асырау орындарынан, сондай-ақ басқа оқшау аумақтардан мойын жіппен және тұмылдырықпен алып шығу керек. Айналадағы адамдардың және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда үш айға дейінгі иттердің күшіктерін және анатомиялық ерекшеліктері тұмылдырық киюге келмейтін декоративтік тұқымды иттерді тұмылдырықсыз серуендетуге болады;
      2) итті оның иесінің байланыс мәліметтері (мекенжайы, телефоны) көрсетілген қарғыбаумен алып жүреді. Иесінің қалауы бойынша итке қатысты басқа да ақпарат көрсетілуі мүмкін;
      3) жолдың өтетін бөлігін кесіп өту кезінде, жолдың өтетін бөлігінің шетіндегі қозғалыс кезінде, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беру үшін серуендетіп жүрген итті қысқа мойын жіппен алып жүреді;
      4) серуендеп жүрген ит адамды немесе жануарды қауып алған жағдайда тиісті дәрігерлік көмек шақыру жөнінде шаралар қабылдайды.
      11. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағу кезінде, арнайы жаттықтырылған, есепте тұратын қызметтік иттер мойын жіпсіз және тұмылдырықсыз жүре алады.
      12. Мыналарға:
      1) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердің аулаларында, балалар алаңдарында және басқа да балалар ойындары орындарында, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелері аумақтарында серуендетуді жүзеге асыруға;
      2) иттермен және мысықтармен (көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамдарды жетелеуші иттерден басқа) дүкендерге, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, медициналық, мәдени, спорттық және жалпыға білім беру мекемелеріне (арнайы ұйымдастырылған шараларға барудан немесе иттермен, мысықтармен бірге баруға арналған мамандандырылған мекемелерге (ұйымдарға) барудан басқа) баруға;
      3) кәмелет жасындағы адамдарсыз 12 жастан кіші балалардың, иттердің үш айға дейінгі күшіктерінен және иттердің декоративтік тұқымдарынан басқа, иттерді серуендетуді жүзеге асыруға;
      4) алкогольдік, есірткі мас күйіндегі адамдарға иттерді серуендетуді жүзеге асыруға;
      5) иттер мен мысықтарды қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, су бұрқақтарында, су қоймаларында және су бөгеттерінде шомылдыруға.
      13. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде тиісті елді мекендер аумақтарында иттерді серуендетуге арналған алаңдарды орналастыру және жабдықтау іс-жөніндегі шараларды ұйымдастырады.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      14. Қоғамдық орындарда оларды жетектеуші тұлғасыз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбастар деп саналады және олар аулауға жатады.
      15. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды "Ветеринария туралы" Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.
      16. Адамгершілік қағидаттарының сақталуымен бірге қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тиісті аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, ұйымдастырылады және өткізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмысқа наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұрғаларға рұқсат етіледі.

Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Костанайской области

Решение маслихата Костанайской области от 14 марта 2014 года № 259. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 25 апреля 2014 года № 4651. Утратило силу решением маслихата Костанайской области от 7 апреля 2015 года № 392

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Костанайской области от 07.04.2015 № 392.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года "Об административных правонарушениях", пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", рассмотрев предложения акиматов районов и городов, Костанайский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Костанайской области.
      2. Рекомендовать местным исполнительным органам районов и городов областного значения:
      учитывать, что при проектировании жилой застройки следует предусматривать размещение площадок для выгула собак;
      принимать меры по организации на территориях соответствующих населенных пунктов специализированных приютов для содержания собак и кошек;
      принимать меры по пропаганде среди населения своевременной вакцинации и постановке на учет своих собак и кошек в ветеринарных учреждениях, профилактике отказов владельцев от своих собак и кошек и регулированию их численности.
      3. Рекомендовать кооперативам собственников квартир:
      размещать на досках объявлений, расположенных на соответствующих территориях, для ознакомления граждан адреса и телефоны государственных ветеринарных организаций, осуществляющих функции отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      в случае необходимости, подавать заявки в соответствующие местные исполнительные органы для определения мест для размещения площадок для выгула собак и выделения для этих целей земельных участков;
      поддерживать санитарное состояние площадок для выгула собак.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Т. Булгацевич

      Секретарь Костанайского
      областного маслихата                       С. Ещанов

      СОГЛАСОВАНО:

      Аким Костанайской области
      _____________ Н. Садуакасов

      Исполняющий обязанности руководителя
      Республиканского государственного
      учреждения "Департамент по защите
      прав потребителей Костанайской области
      Агентства Республики Казахстан
      по защите прав потребителей"
      _______________ С. Байменова

      Руководитель государственного
      учреждения "Костанайская областная
      территориальная инспекция Комитета
      ветеринарного контроля и надзора
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан"
      _______________ Т. Иманбаев

      Начальник государственного учреждения
      "Департамент внутренних дел Костанайской
      области Министерства внутренних дел
      Республики Казахстан"
      _______________ Т. Маткенов

Утверждены решением  
областного маслихата  
от 14 марта 2014 года 
№ 259        

Правила содержания и выгула собак и кошек,
отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории
населенных пунктов Костанайской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Костанайской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 30 января 2001 года "Об административных правонарушениях" (далее – Кодекс), Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" (далее - Закон "О ветеринарии").
      2. Настоящие Правила определяют порядок содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Костанайской области.
      3. Настоящие Правила распространяются на юридических и физических лиц, содержащих собак и кошек (далее - владельцы) (исключение составляет содержание служебных собак государственными предприятиями (организациями, учреждениями) выполняющими работу по спасению людей, по борьбе с преступностью и охране общественного порядка), а также на лиц, выгуливающих собак и кошек.
      4. Нарушение настоящих Правил влечет ответственность в соответствии со статьей 311 Кодекса.

2. Содержание собак и кошек

      5. Не допускается содержать собак и кошек в местах общего пользования многоквартирных жилых домов (в подъездах, в подвалах, на чердаках, на лестничных площадках), а также на придомовой территории таких домов.
      6.На территориях индивидуальных жилых домов, частных построек, собаки содержатся на изолированной территории и (или) на привязи, в условиях исключающих побег собаки, нападение на людей и животных. Если территория охраняется собакой, о наличии собаки на территории сообщается предупредительной табличкой на воротах при входе на территорию.
      7. При содержании собак и кошек владельцы:
      1) обеспечивают своим собакам и кошкам гуманное обращение и условия, соответствующие их биологическим и индивидуальным особенностям, в том числе удовлетворяют их потребности в корме, учитывающем питательные потребности собак и кошек, а также воде, сне, движении, естественной активности;
      2) принимают меры по недопущению самостоятельного выхода своих собак из мест их содержания;
      3) извещают ветеринарных специалистов о случае внезапного падежа, одновременного заболевания нескольких собак, кошек или об их необычном поведении и до прибытия ветеринарных специалистов принимают меры к изолированному содержанию собак и кошек, подозреваемых в заболевании.
      8. Изъятие, уничтожение собак и кошек, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, осуществляется в соответствии с Законом "О ветеринарии".

3. Выгул собак и кошек

      9. В случае загрязнения общественных мест, владельцы, а также лица, выгуливающие собак и (или) кошек, незамедлительно убирают продукты жизнедеятельности своей собаки и (или) кошки (в бумажные или полиэтиленовые пакеты).
      10. При выгуле собак владельцы, а также лица, выгуливающие собак:
      1) выводят собак из мест содержания, а также других изолированных территорий на поводке и в наморднике. Щенки собак в возрасте до трех месяцев и декоративные породы собак, анатомические особенности которых не позволяют надеть намордник, могут выгуливаться без намордника, при условии обеспечения безопасности окружающих людей и животных;
      2) выводят собаку в ошейнике, на котором указаны контактные данные ее владельца (адрес, телефон). По желанию владельца может быть указана и иная информация, касающаяся собаки;
      3) при пересечении проезжей части дороги, при движении вдоль проезжей части дороги, ведут выгуливаемую собаку на коротком поводке, позволяющем обеспечить соблюдение требований дорожной безопасности;
      4) в случае нанесения выгуливаемой собакой укусов человеку или животному, принимают меры по вызову соответствующей врачебной помощи.
      11. При пастьбе сельскохозяйственных животных, специально обученные, служебные собаки, состоящие на учете, могут находиться без поводков и намордников.
      12. Не допускается:
      1) осуществлять выгул собак и кошек во дворах жилых домов, на детских площадках, и других местах детских игр, на территориях учреждений здравоохранения, образования, культуры и спорта;
      2) посещать с собаками и кошками (кроме собак-поводырей сопровождающих людей имеющих инвалидность по зрению) магазины, организации общественного питания, медицинские, культурные, спортивные и общеобразовательные учреждения (кроме посещения специально организованных мероприятий, либо посещения специализированных, учреждений (организаций) для посещения с собаками, кошками);
      3) осуществлять выгул собак, кроме щенков собак в возрасте до трех месяцев и декоративных пород собак, лицам младше 12 лет без сопровождения совершеннолетних лиц;
      4) осуществлять выгул собак лицам, находящимся в состоянии алкогольного, наркотического опьянения;
      5) купание собак и кошек в общественных местах купания, в прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах.
      13. Местные исполнительные органы районов, городов областного значения, в пределах своей компетенции, организуют мероприятия по размещению и оборудованию площадок для выгула собак на территориях соответствующих населенных пунктов.

4. Отлов и уничтожение бродячих собак и кошек

      14. Собаки и кошки, находящиеся в общественных местах без сопровождающих их лиц, считаются бродячими и подлежат отлову.
      15. Отлов бродячих собак и кошек осуществляют государственные ветеринарные организации, созданные в соответствии с пунктом 4 статьи 11 Закона "О ветеринарии".
      16. Отлов и уничтожение бродячих собак и кошек организуется и проводится, с соблюдением прав и законных интересов лиц, проживающих на соответствующей территории, с соблюдением принципов гуманности. К работе по отлову и уничтожению бродячих собак и кошек допускаются лица не состоящие на учетах в наркологическом или психоневрологическом диспансерах.