Әкімдіктің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 192 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 маусымда № 4783 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облыстық әкімдігінің 01.02.2017 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3571 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 мамырда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2-1 тармағы келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) білім ұйымымен шарт".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қостанай облысы әкімдігінің
      жұмыспен қамтуды үйлестіру
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" ММ басшысы
      ________________ Е. Жаулыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады